Ауыр сырқатқа душар болған 9 жасар Тимур Әкіжановқа қаржылай көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр сырқатқа душар болған 9 жасар Тимур Әкіжановқа қаржылай көмек  қажет

Ауыр сырқатқа душар болған 9 жасар Тимур Әкіжановқа қаржылай көмек қажет

Қайырымды жандардың назарына: балаға шұғыл көмек керек. Ауыр сырқатқа душар болған қарағандылық 9 жасар Тимур Әкіжановтың  ата-анасы  жұрттан қаржылай көмек сұрап отыр. Бүлдіршіннің миына су жиналып, басы шамадан тыс үлкейіп кеткен. Медицина тілімен айтқанда, гидроцефалиядертіне шалдыққан. Яғни, отандық, тіпті, Батыстың ең маңдайалды дәрігерлерінің өзі бұл дертті емдеу қиын дегенді алға тартып, сырқатқа операция жасаудан бас тартыпты. Баланың сауығып кетуінен үмітін үзбеген ата-ана ем жасауға келісімін берген емхананы Қытайдан тауыпты. АлайдаҚытайда операция жасату үшін 5 млн теңге шамасында қаржы қажет.

  • 15 Маусым 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

Тимур Әкіжанов жақында тоғыз жасқа толды. Осыншама жыл анасы өлім мен өмірдің ортасында жатқан ұлының  жанынан бір сәтке де алыстаған емес. Науқас туа сала, гидроцефалия дертіне шалдыққан- баланың миына су жиналып, соның салдарынан басы шамадан тыс үлкейіп кеткен. Қазір бас  сүйегінің көлемі 80 см; ол күн өткен сайын ұлғайып барады.

Людмила Гофман, анасы:

Дәрігерлер: «бұл айықпас кесел,  жазылып кетуге мүмкіндік жоқ» деп кесіп айтты. Бауыр етім балам ғой. Үш жарым жасында  басына операция жасаттым. Өкінішке қарай сәтсіз болды. Қазір медициналық тексерілуге барсақ, дәрігерлер балаңыз «әлі тірі медеп таң қалады

Негізібұл кеселге шалдыққан сәбилер ерте шетінеп кетеді екен. Өз жасындағы балаларға мүлдем ұқсамайтын Тимурдың көрер жарығы бар болар. Бірақ, не сөйлей, не өздігінен жүре алмайды.

Бұл «айықпас кесел»деп, Тимурды емдеуден бас тартқан отандық және батыстық медицинадан көңілі қалған ана дертке емді өз бетінше іздеуге кірісті. Ғаламтор арқылы  Пекин медициналық институтын тауып алды. Аспан асты еліндегі дәрігерлер баланы дің жасушаларымен емдеуге келісім берген. 


Қытайда операция жасату үшін 5 млн теңге қажет. Отбасында мұндай қаржы жоқ. Сондықтан олар жомарт көңілді қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.  Тоғыз жасар Тимурға көмектесемін деушілер төмендегі  телефон нөмірлеріне хабарласуына болады.

 

8-702-288-48-30, 8 (72131) 4-77-02

Соңғы жаңалықтар