"Ауыз су" бағдарламасын қаржыландыру көлемін 15 млрд. теңгеге арттыру қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауыз су" бағдарламасын қаржыландыру көлемін 15 млрд. теңгеге арттыру қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

"Ауыз су" бағдарламасын қаржыландыру көлемін 15 млрд. теңгеге арттыру қажет - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

"Ауыз су" бағдарламасын қаржыландыру көлемін 228-230 млрд. теңгеге жеткізу қажет. Бүгін, 3-ақпанда "Асар" республикалық партиясының ұйымдастыруымен өткен "ҚР тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Атшабаров осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Ақпан 2005
  • 530
Фото - Caravan.kz

Н.Атшабаровтың айтуынша, 2002-2010-жылдарға есептелген «Ауыз су» бағдарламасын қаржыландыруға бастапқыда 115 млрд. теңге бөлу көзделген.

«Мұндай айырмашылық материалдар мен құрал-жабдықтар бағасының өсуіне, сондай-ақ, ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету аясының кеңейтілуіне байланысты туындап отыр»,- деді Н.Атшабаров.
Комитет мүшелерінің пайымдауынша, сумен қамтамасыз ету бағдарламасы 7660 ауылдық елді мекендерді, 60 шағын қала, барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызды қалаларды қамтуы тиіс. Ал бастапқыда бағдарлама 3636 ауылдық елді мекендерді қамтиды деп есептелсе, шағын қалалар мүлдем ескерілмей қалған.
Комитеттің мәліметтері бойынша, қазір сумен қамтамасыз ету жұмыстары 518 елді мекенде іске асырылды. «Бағдарлама жұмыс істей бастаған үш жылда 2,5 мың шақырымдай су таратқыш құбырлар, 90 су тазарту қондырғылары мен 50 жергілікті су қамтамасыздығы жүйелері салынды»,- деді Н.Атшабаров. Оның айтуынша, бағдарламаның алғашқы үш жылында 4 жылдық қаржыландыру жоспары орындалды.

Перейти к новостям спорта