"Ауыздары әжетханадан бетер": Концертте боғауыз сөз айтып, туды адамдарға лақтырған әншілерді қоғам белсенділері сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауыздары әжетханадан бетер": Концертте боғауыз сөз айтып, туды адамдарға лақтырған әншілерді қоғам белсенділері сынға алды

"Ауыздары әжетханадан бетер": Концертте боғауыз сөз айтып, туды адамдарға лақтырған әншілерді қоғам белсенділері сынға алды

25 мамыр күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Ирина Қайратовна тобы мен Shiza-ның концерті өткен. Желі оқырмандары, қоғам белсенділері Ирина Қайратовна тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әректтерін сынға алды.

  • 27 Мамыр 2022
  • 3370
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншілердің бірі сахнада боғауыз сөз айтса, ал Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырып жіберген.

Танымал тұлғалардың пікірлері мынадай болды.

Бибігүл Дәулетбекқызы, журналист:

"Мынау таза масқара!

"Ирина Қайратовна" деген сайын есіріпті ғой мыналарың да

Киелі сахнаның сәнін кетірген мәңгүрттер-ай…

"Әлгі ирина қайратовнаның соңғы фильмінен кейін көтерілді ғой жастар деп еді" маған бір кісі. Сонда мен ол кісімен ренжіскенімде, ол: "Сол ирина қайратовнаның жігіттерімен бір дастарханында отырғанымда олардың бойынан патриоттықты еш көрмедім. Ол біреудің жобасы. Сол тәуелсіздік фильмінде "ата, мен 30-ға келдім, елімде ештеңе болмады" деп зарлап жылады да, жастарды соңына ертті" дегенде де, дес бермеген едім.

ИК -ның әншілері қиқулап қолдағанын айтамында мына ессіздермен мәз болып. Осы ма еді көргіміз келгені?! Ауыздары әжетханадан бетер ғой.

Енді мына сахнаның киесінен қорықпай осылай білгенін жасағанын көріп, сол кісінің сөзінің жаны бар ма деп қалдым.

Таза жер болдық-ау.

Мына бәле екен ғой көк туымызды қорлап тұрған сахнада!

Бұның концерті болмауы тиіс киелі Түркістан қаласында!!!

Мен қарсымын мынаның сахнада жүргеніне!

Кешірім сұраудың қажеті жоқ!

Жазалансын !!!

Не мынау?!

Қайда қараған акиматтағылар?!

Мынаның аккаунты @w.askhat.w екен!

Саған айтарым: сен Шизасың ба, басқасың ба шаруам жоқ!

Саған кім рұқсат берді көк туымызды келемеждеуге?!

Біреудің қымбат туы емес, нақұрыс! Бұл бүкіл Қазағымның қастерлі, қасиетті туы, ұқтың ба?!

Моргенштерн болғың келе ме?!


Армандапсың!

Моргенштерңнің артынан жібереміз жақында. Сонда көк тудың қадірін білерсің!

Жетесіз"

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

"Киелі көк туымызды мына қасиетсіз уқалап қол орамал қылды- ау… Генадий Головкин — ұлты өзге болса да , рингте ұлттық шапан киіп, көк туымызды желбіретіп, талай көзімізге жас келтіріп, жүрегімізді тебірентіп еді!!! Көк ту- мемлекеттік рәміз!! Оны қорлауға жол жоқ!! Мына мақұлық ( аспандағы жұлдыз болса да💥💥💥) жауапқа тартылуы керек!"

Асхат Садырбай, журналист: 

"Инстаграмда қазіргі өте танымал жас әншілердің сахнадағы әдепсіз, ерсі қылықтары жиналған видео жүр. Қазіргі танымал поп музыканың деңгейі…

Мұны Батырхандай интеллектуал, білімді, сауатты әншілер көрсе не дер еді?.."

 

Перейти к новостям спорта