"Аузына түкірттім": Төреғали Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектен не себепті бата сұрап жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аузына түкірттім": Төреғали Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектен не себепті бата сұрап жүр?

"Аузына түкірттім": Төреғали Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектен не себепті бата сұрап жүр?

Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі ұлының Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекке ұқсағанын қалап, ұлына бата беріп, аузына түкіруді сұраған.

  • 8 Желтоқсан 2020
  • 835
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бұл мен үшін және менің ұлым Төренұр үшін керемет тарихи күн болды.
Алладан сұрап, артыңнан ерген қарасының алдынан тек ақ күн туғанын кім қаламайды дейсіз?!

Ата-ананың қадірін балалы болсақ та толық біле алмай жүрміз ғой, бірақ бұрынғыға қарағанда сезініп келе жатырмыз енді..

Менің өмірде жеткен қандай аз-маз жетістігімде әуелі Алла сосын көпшіліктің берген батасы тұр.
Кімнің батасы қабыл екенін білмеймін анық, бірақ менің әкем көп бет ашқан кісі.
Сол бала кезімде есімде әкем беташардан соң екі жастан бөлек ақшаны аямай беріп тұрып ақсақалдардан маған бата алып беретін.
Ауылдағы адамдардың ықыласы қандай ғажап, қабыл боларына күмәнсіз береді ғой.

Кейін мен Алматыға келгенде осы кісілердей болсам дейтін тұлғаларым болды. Солардың жуан ортасында Бекболат аға мен Мұхаммеджан аға тұратын. Алла сәтін салып, бұл кісілердің алдын көріп, алқасында болдық. Талай шалалық, шалығымызға көз жұма қарап, тек қолдау жасаумен келеді.
Бұл кісілер туралы арагідік әртүрлі әңгіме естісем де сенген емеспін, себебі мен көрген Бекең мен Мұхаң мен естіген Мұхаң мен Бекеңе еш ұқсамайды.
Он жылдан аса бір кілт еткен кілтипаны, сезікті әрекеті болса ендігі байқар едік қой. Сондықтан кімге болса да жамандай кетіп, жала жабуға асыға бермеймін.

Менің руымды, туған жерімді, айналамды сұрап жатпай-ақ бала күннен бауырға басты. Бізбен бірге бол деген жоқ, шақырсақ келеді, шақырады әкеме еріп мен барамын.
Сонымен не керек Бекболат ағаның осында екенін естіп Мұха ағаға хабарласып, баламның аузына түкіртіп, батасын алып қайттым.
Алла біздің жаманға да осындай ұлтын ойлап, жұртын жақсылыққа шақырып жүретін ардақты ағалардың жолын нәсіп етсін! Сіздер әумин деп отырыңыздар ағайын", — деп жазды Төреғали Төреәлі.