Авантюрист А. Итаяқов Торғайда алып адамдардың сүйектерін іздемек - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Авантюрист А. Итаяқов Торғайда алып адамдардың сүйектерін іздемек - БАҚ

Авантюрист А. Итаяқов Торғайда алып адамдардың сүйектерін іздемек - БАҚ

Баламалы тарих қоғамының зерттеушісі Алпамыс Итаяқов қазақ даласында 10 мың жылдан астам уақыт бұрын жерленген алып адамдардың ескі қорымдары табылғандығын айтуда.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 426
Фото - Caravan.kz

Биыл зерттеуші оларды іздеп-табуға экспедиция жасақтауда.

Бұл туралы «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Гиганты и поклонники» атты мақалада (авторы — Рүстем Омаров) жазылды.

«Нақ осы алыптар пирамидаларды салған және солар өздерінен кейін Қазақстанда стоунхедж бен торғай қорғандарын қалдырып кеткен, — дейді Алпамыс. «Көшпенділер алыптардың сүйектерін тауып отырған, содан кейін бұл әулиелердің мүрделері деген аңыздар пайда бола бастады. Ресейлік этнографтар жазуынша, қазақтар Арыстанбабтың бойы 40 метр болған деп ойлаған. Шындығына келгенде бұл аңыздар табылған алып адамдардың сүйектеріне байланысты туды.

Алып адамдардың өсір сүргендігінің басты дәлелі ретінде Оңтүстік Америкада табылған бойлары 5-6 метрлік адам сүйектерін айтуға болады.

Авантюрист (фр. aventurier) — «оқиға» іздеуші (Брокгауз және Евфрон сөздігінің анықтамасы бойынша).