Авиакеросин жетіспегендіктен SCAT ұшақтары ұшпауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Авиакеросин жетіспегендіктен SCAT ұшақтары ұшпауы мүмкін

Авиакеросин жетіспегендіктен SCAT ұшақтары ұшпауы мүмкін

2017 жылдың желтоқсан айында «Petrosun» ЖШС SCAT әуе компаниясына графикпен белгіленген 4 875 тонна авиакеросиннің тек 780 тоннасын жөнелту туралы келісімді ұсынды.

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 192
Фото - Caravan.kz

Бұл жалпы көлемнің 20%-ын ғана құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі SCAT компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«SCAT авиакеросин графикке сәйкес тасымалданатынына сеніп, өзге тізілім иелерінен қосымша керосин сатып алмаған. Бүгінде авиакомпаниядағы керосин мөлшері 2017 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жетпейді. Осының салдарынан мемлекеттік бюджетпен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызды рейстер бағдарламасы жүзеге асырылмай қалуы мүмкін. Дағдарыс салдарынан кесте толықтай өзгереді», — делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Мұнымен қатар, әуе компаниясы жанар-жағармайлар сатып алу үшін түрлі амал-тәсілді жасайтындарын айтты
АлайдаSCAT авиакеросинді шеттегі тізілім иелерінен сатып алатын болса, қымбат бағаға ұрынуы мүмкін. Бірінші кезекте бұл жолаушыларға әсер етіп, билет бағасы 40%-ға дейін қымбаттайды.