Авиарейстердің кешеуілдеуін болдырмау шаралары қолданылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Авиарейстердің кешеуілдеуін болдырмау шаралары қолданылуда

Авиарейстердің кешеуілдеуін болдырмау шаралары қолданылуда

ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиевтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әуежайында көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың төрағалығымен «Эйр Астана» авиакомпаниясы және Алматы халықаралық әуежайының басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді,

  • 1 Шiлде 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Атап айтсақ, жиналыста жолаушыларды тіркеудің автоматтандырылған жүйесінің істемей қалуынан ү.ж. 27-28 маусымдағы тоқырау жағдайының қайталануын болдырмау мәселелері талқыланды. Жиналысқа қатысқан SITA компаниясы өкілінің ақпараты бойынша тіркеу жүйесінің істемей қалуына «Эйр Астана» АҚ рейстерінің кешеуілдеуіне алып келген 2011 жылғы 27-28 маусымдағы тоқырау жағдайы АМАДЕУС жүйесі конфигурациясы файлының бұзылуына байланысты болған. Онда да, оның ақпараты бойынша, болған жағдайда әуежайдың да, авиакомпанияның да кінәсі жоқ.

Жиналыста Алматы қаласы әуежайындағы SITA-ның өкіліне ү.ж. 1 қыркүйекке дейін тіркеу жүйесінде тоқырауды болдырмау үшін аталған әуежайда тіркеу жүйесінің жаңа нобайын орнату қажеттігі келісілді.

Мұның сыртында, жиналыста «Эйр Астана» авиакомпаниясына әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің куәліктерін заңнаманың талаптарына сәйкестендіру, ал Алматы әуежайына рейстердің кешеуілдеуін болдырмау үшін авиакомпанияның экипаждарының өтуіне бөгет жасамау тапсырылды.

Жиналыстың қорытындысында «Эйр Астана» АҚ мен «Халықаралық Алматы әуежайы» компанияларының басшылары деңгейінде шешімін таппаған барлық мәселелерді реттеу жөнінде апта сайын кездесулер өткізіп отыру және ККМ азаматтық авиация комитетіне ақпарат беріп отыру жөнінде шешім қабылданды. Бұдан тыс, азаматтық авиация комитетінің өкіліне аталмыш мәжілістерге оларда талқыланатын мәселелердің маңыздылығына қарай қатысып отыру тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар