деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жиналысты аша отырып, көлік ведомствосының басшысы жолаушылардың соңғы күндері рейстердің кідіруіне байланысты наразылықтарын еске салды.
Министр Б.Камалиев басшылардың дәлелдемелері мен ұсыныстарын тыңдай келе, азаматтық авиация комитетіне қысқа мерзім ішінде таяуда жолаушыларды тіркеу жөніндегі автоматтандырылған жүйесінің тоқтап қалуына байланысты жұмыстың кідіруіне әкелген жайтпен айналысуды, ұшулардың жүйелілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толық іске асыру мақсатында «Эйр Астана» АҚ және аталған әуежайлар арасындағы іс-қимылдардың үйлесімділігін қамтамасыз етуде қосымша пәрменді шаралар қолдануды тапсырды.