Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесу барысында оның австралиялық әріптесі Кевин Радд мәлімдеді, дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Кеше Астанада болған кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және аймақтық бірлестіктер шеңберіндегі өзара байланыс мәселелерін қарастырды.