Катерина Синяковамен кездесіп, оны екі партияда (6:2, 6:4) ұтты.
Сөйтіп қазіргі кезде әлемдік рейтингте 163-орында тұрған Зарина қазақ қыздарынан алғаш рет әлемдегі «үлкен дулығаның» бірі — Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымына өтті. Онда ол румыниялық Сорана Кырстя немесе жаңазеландиялық Марина Эраковичтің біреуімен кездеседі. Олардың екеуі де — К.Синяковаға қарағанда, әлдеқайда тісқаққан теннисшілер, рейтинг бойынша да жоғарыда тұр.
Қазірдің өзінде осы табысымен-ақ З.Дияс өз рейтингісін көтеретіні анық.