Австралия шетелге соғысқа барғандарды түрмеге отырғызуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралия шетелге соғысқа барғандарды түрмеге отырғызуға ниетті

Австралия шетелге соғысқа барғандарды түрмеге отырғызуға ниетті

Австралия Үкіметінің басшысы Тони Эббот шетелдік экстремистік топтарға қосылып жатқан ел азаматтарына қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы ұсынылып отырған заң жобасы Парламентте мақұлданатынына үміт артты.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz

Саясаткердің сөзіне қарағанда, заң қабылданған жағдайда, содырлардың жағында соғысқан азаматтар үйлеріне оралған бетте ұзақ мерзімге абақтыға қамалатын болады.

Сонымен қатар қауіпсіздік қызметтеріне топтармен байланысы үшін күдікті саналатын адамдарды тұтқындау құқығы берілуі мүмкін.

Бұған қоса, заң жобасына сәйкес, қақтығыстардың «тыйым салынған аймақтарына» австралиялық азаматтардың сапарлары да қылмыс ретінде саналуы ықтимал.

Өткен аптада Австралияда ел тарихындағы ең ауқымды лаңкестікке қарсы операция басталды.


Эбботтың айтуынша, арнайы қызметтерге елдегі мемлекеттік қызметшілерге шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен.