Австралияда ел тарихында болмаған қаржылық алаяқтық әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралияда ел тарихында болмаған қаржылық алаяқтық әшкереленді

Австралияда ел тарихында болмаған қаржылық алаяқтық әшкереленді

Австралияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалған несиелік карта жасау жөніндегі алаяқтық схеманы әшкереледі, деп хабарлады бейсенбіде жергілікті БАҚ полиция өкілдеріне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қараша 2012
  • 644
Фото - Caravan.kz

Оны румындық қылмыстық топтың мүшелері жасапты. Олар жүздеген ұсақ австралиялық фирмалардың компьютерлік жүйелерін бұзып, 30 мың несиелік картаның деректерін алған, сосын оларды жалған пластикалық карта жасау үшін пайдаланған.

Жалған несиелік карта арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен 31 млн долларға тауар сатып алынған.
Австралиялық қаржылық институттардың бірі тәртіп сақшыларына несиелік карталар бойынша күдікті транзакциялар туралы хабар берген соң ғана полиция тергеуді бастаған.
Румынияда арнайы операция барысында 16 адам ұсталды, оның жетеуі кінәлі деп танылды.

Перейти к новостям спорта