Австралияда өрт салдарынан 500 миллионға жуық жануар қырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралияда өрт салдарынан 500 миллионға жуық жануар қырылып қалды

Австралияда өрт салдарынан 500 миллионға жуық жануар қырылып қалды

Аяқ асты шыққан өрт  Австралия халқын дүр сілкіндірді. Тіпті адамдар тәңірге жалбарынып, жаңбыр тілеуде. Әзірге қаншама күш біріксе де тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр.

  • 6 Қаңтар 2020
  • 104
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Австралия орманын шарпыған өрт салдарынан көптеген жануарлар қырылып, адамдар зардап шекті. Тілсіз жау орманның 14,5 миллион гектар жерін бүлдіріп кетті.

Жергілікті тұрғындар бұл климаттың өзгеруіне байланысты шыққан өрт дейді. Төтенше оқиғадан 500 миллионға жуық жануар, 20 — ға жуық адам қаза тапты.

Ең сорақысы өршіген орман өрті Жаңа Зеландиядағы мұздықтарды да әп сәтте ерітіп жіберген. 


Қызыл кітапқа енген жануарлардың да көбі өртеніп кетті. Хайуанаттардың кейбірі адамдарға жабысып, көмек сұрағандай кейіп танытуда. 

Жергілікті билік қолдан келгенше өртті сөндіріп, табиғат пен жануарлар әлемін аман алып қалуға тырысуда.

Соңғы жаңалықтар