Жарияланды: 30

Австралияда жануарларға қамқорлық көрсетіліп, аспаннан тікұшақпен көкөністер себілді

Австралияда жануарларға қамқорлық көрсетіліп, аспаннан тікұшақпен көкөністер себілді

Австралия үкіметі өрттен зардап шегіп, азықсыз қалған жануарларға тікұшақпен аспаннан көкөністер септі.

Жаңа Уэльс штатының қоршаған орта министрі Мэтт Кин жануарларды азықпен қамтамсыз ету жұмысын "Шатқалды кенгуру операциясы" деп атапты. 

Сөзінше,  аңдарға көкөністерді таратумен австралиялық ұлттық саябақ және қоршаған орта қызметі айналысқан. Бірнеше мың килограмм сәбіз бен тәтті картоп тікұшақтан өрттен кейін аман қалып, айдаланы кезіп жүрген жануарларға тасталған.  

"Бүгін қызметкерлер бірнеше мың килограмм азықты тікұшақтан тастады", - деп жазыпты министр әлеуметтік желіде. 

Желі қолданушылар үкіметтің хайуандарға көрсетілген қамқорлығына риза болып жатты. Дегенмен олардың арасында "көкөністер жаңбыры" салдарынан аңдар зардап шекпесе екен десіп жаттты. 


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Австралияда күздебасталған өрт әлі де өршігіп тұрғаны айтылған еді. Тілсіз жаудың кесірінен миллиардтан астам жануар қырылған. Бұл өрт қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екен. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін