Жарияланды: 320

Австрия мен Грузия құпия алмасу жөнінде келісті

Венада Грузия СІМ басшысы Григола Вашадзе мен Австрия СІМ басшысы Михаэль Шпиделеггер екі ел үкіметтері арасындағы құпия ақпараттарды қорғау және алмасу жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды Trend.

Тараптар Оңтүстік Кавказдағы жағдайды, аймақта орын алған оқиғалар жайын талқылады. Сонымен қатар Грузия тарабы «басып алынған территориялардың» (Абхазия мен Оңтүстік Осетия) жағдайын, сондай-ақ грузиялық-ресейлік қарым-қатынас жайын таныстырып өтті. Михаэль Шпиделеггер «Австрия Грузияның территориялық тұтастығы мен бірлігі ұстанымынан тайынбайтындығын» жеткізді. Грузия мен Австрияның сыртқы істер министрлері жыл сайын даму үстіндегі екі жақты серіктестік мәселелерін талқылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін