Австрияда Р.Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австрияда Р.Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Австрияда Р.Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Австрия прокуратурасы Нұрбанктыңтоп-менеджерлерін өлтірді деген айыппен Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 13 Шiлде 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz


Жергілікті акпарат құралдарының хабарлауынша, құзырлы орындар әзірге Әлиевті қамауға алмаған. «Нақты қай жақта бой тасалап жүргенін білмейміз» депті. Бірақ,соңғы уақытта Әлиевтің Мальтаға қоныс аударғаны айтылып жүр. Ал қылмыстық іс марқұм Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың туыстарының арызы бойынша қозғалыпты. Естеріңізге сала кетсек, топ-менеджерлер 2007жылы қаңтарда ұшты-күйлі жоғалған болатын. Мәйіттері биыл мамыр айында Алматы шетіндегі «Қазтелерадио» қоймаларынан табылды. Құзырлы органдар  қанды қылмысты ұйымдастырған Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев деп күдіктенді. Бірақ екеуі де шетел асып үлгерген. Ал сырттай 40 жылға сотталған Әлиевті Қазақстанға экстрадициялауды сұрап,еліміздің Бас прокуратурасы Австрия билігіне бірнеше өтініш жібергінімен, әлі еш нәтиже жоқ. 

Соңғы жаңалықтар