Автобус жүрмейді: Павлодар облысында карантиндік шаралар күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобус жүрмейді: Павлодар облысында карантиндік шаралар күшейтілді

Автобус жүрмейді: Павлодар облысында карантиндік шаралар күшейтілді

Павлодар облысының бас санитария дәрігері өңір аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды.

  • 30 Сәуiр 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, ашық жерлерде, оның ішінде, ойын-сауық спорттық іс-шараларға,  митингілер, шерулер мен көрмелерді қоса алғанда, адамдар көп жиналатын отбасылық, корпоративтік, ұжымдық, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) іс-шараларға тыйым салынады.

Сонымен қатар төмендегі қызмет түрлеріне тыйым салынады:

  • Ashyq"қосымшасы бойынша жұмыс істейтіндерді қоспағанда караоке, бильярд және компьютерлік клубтар, кальян, боулинг, букмекерлік кеңселер.
  • Мәдениет объектілері, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары. "Ashyq" жобасына қатысушыларда толымдылығы 20% — дан аспайды.
  • Балалардың ойын-сауық орталықтары, балалардың сауықтыру лагерлері.

Бұдан бөлек, жиналыстар мен отырыстарды күндізгі режимде өткізуге тыйым салынады.


Қаулыда Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағытын қоспағанда облысаралық, облысішілік, қалааралық және т.б. автобус, шағын жолаушылар автобусының тасымалдарының қозғалысы уақытша тоқтайтыны жазылған.

Сонымен қатар 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жұмысына тыйым салынады.

Демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынады.

Құжаттың толық мына жерден көруге болады. Бұйрық 2021 жылғы 3 мамырдан бастап күшіне енеді.