Автобусқа бес қабатты ғимарат құлап кетті, құрбандар бар (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобусқа бес қабатты ғимарат құлап кетті, құрбандар бар (ВИДЕО)

Автобусқа бес қабатты ғимарат құлап кетті, құрбандар бар (ВИДЕО)

Оңтүстік Кореяда ішінде жолаушылары бар автобус құлаған ғимараттың астында қалды.

  • 11 Маусым 2021
  • 7638
Фото - Caravan.kz

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кванжу қаласындағы төтенше жағдай кезінде кем дегенде тоғыз адам құрбан болуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Herald басылымына сілтеме жасап.

Желіде жарияланған видео кадрларынан аялдамада тоқтап тұрған автобуыстың үстіне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бес қабатты ғимараттың қалай құлап кеткенін көруге болады.

Ғимараттың құлауына не себеп болғаны әлі белгісіз. Жұмысшылар үйді сүруге дайындап жатқан және жоғарғы қабатын экскаватормен бұзып қойған. Жұмыс кезінде төменгі қабаттан күдікті дыбыс естіген құрылысшылар қашып үлгерген.

Үйінді астынан сегіз адам шығарылған, олар әртүрлі дәрежеде жарақат алды.


Ел президенті Мун Чжэ Ин билікке оқиғаны мұқият тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, ол мұндай жағдай қайталанбас үшін ведомствоаралық шаралар қабылдауға шақырды.

Қазіргі уақытта құтқару операциясы жалғасып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар