Автобуста мас ер адам 12 жастағы балаға тиісіп, оны сүймек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобуста мас ер адам 12 жастағы балаға тиісіп, оны сүймек болған

Автобуста мас ер адам 12 жастағы балаға тиісіп, оны сүймек болған

Ол баланы автобустан шығармай, оған қоқан-лоқы көрсеткен.

  • 9 Ақпан
  • 7
Фото: istockphoto.com

Ташкентте 35 жастағы мас ер адам қоғамдық көлікте 12 жастағы балаға тиісіп, оны ұстап алып, сүймек болған. Бұл оқиға 4 ақпанда Чиланзар ауданында болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде тараған видеода мас адамның баланы автобустан шығармай, оған қоқан-лоқы көрсеткені анық көрінеді. Бала айналасындағылардан көмек сұраған, алайда жолаушылар мен жүргізуші бастапқыда ешқандай әрекет етпеген. Кейіннен тәртіп бұзушыны автобустан түсіріп тастаған», — деп жазады Nova24.uz  басылымы.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, балалар омбудсмені бұл жағдайды өз бақылауына алды. Құқық қорғау органдары да іске араласып, күдіктіні ұстады. Оған қатысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 129-бабы («Кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекеттер жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Перейти к новостям спорта