Автобустағы өрттен аман қалған екі жолаушы Өзбекстанға жіберілген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобустағы өрттен аман қалған екі жолаушы Өзбекстанға жіберілген жоқ

Автобустағы өрттен аман қалған екі жолаушы Өзбекстанға жіберілген жоқ

Ақтөбеде өртенген автобустың жүргізушілері мен жолаушылары жатқан палаталарға күзет қойылған

  • 24 Қаңтар 2018
  • 164
Фото - Caravan.kz


Ақтөбе облысында өртенген автобуста аман қалған өзбекстандық екі жолаушыны еліне қайтаруға прокурорлар рұқсат бермеді. Өйткені тергеу кезінде куәлік етуге керек болады деп отыр, деп хабарлады КТК.

Облыстық аурухананың қос палатасына күзет қойылған. Оның бірінде автобустың тірі қалған жүргізушілері жатса, екіншісіне өзбек жолаушылары орналасыпты. Олардан күн сайын тергеушілер жауап алып жатыр. Осылайша өрттің шығуына кінәліні таппақ. Дегенмен осы күнге дейін кімге айып тағылғаны туралы тәртіп сақшылары тіс жармады. Тек жол ережесінің бұзылғанына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын ғана хабарлады. Ал дәрігерлер, тергеушілер болмағанда автобуста тірі қалған бесеуді әлдеқашан ауруханадан шығарып жіберер едік деп отыр.

 "Жалпы, бұл кісілердің стационарлық ем алуына ешқандай қажеттілік жоқ. Олар шығуы керек. Бірақ тергеу амалдары жүріп жатқаннан кейін біз оларды амалсыз шығармай отырмыз", — дейді Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.

#Ақтөбе #жолаушы