Автобустардың аралық аялдамаларда тұру уақыты 1- 2 минуттан аспайтыны хабарланып отыр. Бұл жолаушыларды қауіпсіз мінгізіп-түсіруге бөлінген.
Егер жүргізуші кестесінен ауытқып кетсе, "Көлік холдингінің" диспетчері уақытты түзеу туралы нұсқау беруі мүмкін. Жүргізуші мен диспетчер арасындағы дыбыстық байланыс қоғамдық көлікте орналасқан "жүргізушінің көмекшісі" жүйесі арқылы жүргізіледі.
"Диспетчер бағыт бойынша жүріп келе жатқан автобустың кестеден алға шығып кеткенін немесе кешігіп келе жатқанын көреді. Сондықтан ол жүргізушіге жүру немесе аялдамада күту туралы нұсқау жасайды. Басқа жағдайда жүргізуші қозғалыс интервалын қатаң ұстануы міндет, яғни, аялдамада себепсіз тұра бере алмайды", — дейді холдингтің баспасөз қызметінің өкілдері.
Егер автобус алдамада ұзақ тұрып қалса, жүргізуші дсипетчерден күту туралы нұсқау алды ма, әлде өз бетінше тұр ма, соны сұрау керектігі туралы кеңес берілді.
"Жолаушылар пікірінше автобус аялдамада жүргізушінің еш нұсқаусыз, өз білгені бойынша тұр деген ойда болса, 397-01-97 нөміріне хабарласа алады. Интервалды сақтамау және басқа да ереже бұзу деректері Алматы әкімдігінің қоғамдық көлік басқармасына беріледі. Құзырлы орган сәйкес шешім шығарады", — деп түсіндірді ЖШС өкілдері.