Әлеуметтік желіде жолаушының жүргізушіні аямай ұрған видеосы жаға ұстатты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
№ 47 бағыттағы автобус жүргізушісін жолаушы аяусыз соққыға жыққан. Видеода көрініп тұрғандай, жолаушы автобус жүргізіп келе жатқан жүргізушінің қасына келіп, бар екпінімен жұдырықтап, бірнеше рет соққы берген. Оны басқа бір жолаушы тосқауыл болып тоқтатты. Ал, жүргізуші сол мезетте есінен танып, тізгінді басқара алмаған.
Желіде оқырмандар жүргізушіге суық қару берілу керегін айтты.
"Жүргізуші отыратын орын — бөлек кабина болу керек", "Ұрған адамға 20жыл берседе аздық етеді", "Автобустың жүргізушісіне пистолет беріп қою керек ,сонда ешкім тиісіп мазасын алмайды", деп жазды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді. Кейін, қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=331347999765303&id=100008177013860&mibextid=Nif5oz