Автокөліктер партиясы 1 шілдеге дейін кедендік рәсмдеуден өтіп үлгермеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автокөліктер партиясы 1 шілдеге дейін кедендік рәсмдеуден өтіп үлгермеуі мүмкін

Автокөліктер партиясы 1 шілдеге дейін кедендік рәсмдеуден өтіп үлгермеуі мүмкін

Қытайлық тасымалдаушының банкротқа ұшырауы салдарынан автокөліктер партиясы 1 шілдеге дейін кедендік рәсмдеуден өтіп үлгермеуі мүмкін, деп болжам жасады ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті (ҚР ҚМ КБК) төрағасының орынбасары Игорь Тен.

  • 27 Маусым 2011
  • 363
Фото - Caravan.kz

ҚМ КБК төрағасының орынбасары АҚШ-тан Қазақстанға 100 шақты контейнер жіберілгенін, оларды тасымалдайтын қытайлық көлік компаниясы банкротқа ұшырап, көліктің бәрін Циндаоның орнына Шанхайдың маңына түсіріп кеткенін хабарлады.

«Оларды сәуірде түсіріп кеткен. Сол уақыттан бері иелері көліктерін Циндаоға жеткізу үшін мәселені шешуге тырысты. Бұл іске біздің елшілік араласып, көліктердің бір бөлігі айлақтан шығарылып, автокөлік контейнерлеріне артылды. Олар «Достық» кеденіне жетіп қалған шығар. Біз көліктерді дәл сол жерде рәсімдеу туралы тапсырма бердік», — деді И. Тен дүйсенбі күні брифингте.

Сонымен қатар, КБК өкілі Қытай билігі теңіз арқылы Циндаоға 40-тан аса контейнер аттандырғанын жеткізді. «Олар (1 шілдеге дейін Қазақстанмен шекараға — ҚазТАГ) жетпей қалуы мүмкін. Бұл Шанхай мен Циндаоның арасында мың шақырым, оған темір жолды қосыңыз», — деді ол.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап пайдалану мерзімі 10 жылға дейінгі көліктерді жеке пайдалануға әкелу кезінде жеңілдетілген кедендік баж салықтарының мерзімі аяқталатындықтан, автокөлік импорты күрт артып отыр. Бұл уақыттан бастап Кеден одағының бірыңғай мөлшерлемелері қолданысқа енгізіледі.

20 маусымда ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев шекарада тұрған көліктердің бәрі рәсімделетінін айтқан. Бұл үшін кедендік бекеттердің штаты арттырылып, тәулік бойғы жұмыс кестесі енгізілді.

Соңғы жаңалықтар