Жарияланды: 800

Автокөліктердің кедендік баж салығы бойынша жеңілдіктердің мерзімі ұзартылмайды

КО шеңберінде Қазақстан үшін автокөліктердің кедендік баж салығы бойынша жеңілдіктердің мерзімі ұзартылмайды, деп мәлім етті ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті (ҚР КБК) төрағасының орынбасары Игорь Тен.

«Бұл туралы көп айтылып жатыр. Мен кедендік баж салығы бойынша жеңілдіктердің мерзімі ұзартылмайтынын айтайын», - деді И.Тен дүйсенбі күні брифингте. «Автокөліктерді рәсімдеумен айналысатын кеден бекеттері 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін әкелінген автокөліктерді кедендік рәсімдеу үшін қажет режимде жұмыс істейді. Біз ондай режимді қамтамасыз етуге тырысамыз», - деп сендірді комитет төрағасының орынбасары. Ол «автокөлікке декларация беруге үлгеру» керек екенін атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, пайдаланылған жеңіл автокөліктерді Қазақстанға әкелуге кедендік баж салығының жеңілдікті мөлшермесі 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады. Кеден одағын құру бойынша келіссөздер барысында осындай келісімге қол жеткізілді. Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, баж салығының мөлшерлемелері дифференциалданған және әр санат бойынша Қазақстанда 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін, яғни КО қызмет ете бастағанға дейін қолданылып келген мөлшерлемелерге сәйкес келеді. КО шеңберінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға жеңіл автокөліктерді әкелуге кедендік баж салығы 3 жылға дейін пайдаланылған көліктер үшін бағасының 30%, бірақ қозғалтқышы көлемінің 1 т.м. үшін 1,2 – 2,8 еуродан кем емес болуға тиіс. Қозғалтқышының көлемі 3000 және одан да көп болатын автокөліктерге бағасының 30%, бірақ 1 т. см үшін 2,8 еуродан кем емес баж салығы салынады. 3 –тен 5 жылға дейін пайдаланылған көліктер үшін - кедендік бағасының 35%, бірақ 1 т.м. үшін 1,2 – 2,8 еуродан кем емес. Қозғалтқышының көлемі 3000 және одан да көп болатын автокөліктерге бағасының 35%, бірақ 1 т. см үшін 2,8 еуродан кем емес баж салығы салынады. 5 жылдан асқан көліктер –1 т. см. үшін 2,5 еуро – 5,8 еуро. Қозғалтқышының көлемі 3000 және одан да көп болатын автокөліктерге 1 т. см үшін 5,8 еуродан кем емес баж салығы салынады. Сонымен бірге, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см-дан асатын автокөліктерді әкелу кезінде импортқа ҚҚС мен акциздық алым төлеу керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін