Автокөлікті газға айналдыру: Техпаспортқа талап күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автокөлікті газға айналдыру: Техпаспортқа талап күшейеді

Автокөлікті газға айналдыру: Техпаспортқа талап күшейеді

Автокөліктерге газ-баллонды жабдық орнату кезінде заңнаманы бұзу фактілері артқан.

  • 16 Шiлде
  • 8
Фото: Энергетика министрлігі

Көлікке газ-баллонды жабдық орнату кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілеріне қатысты жауапкершілік күшейтілетін болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Премьер-Министр Үкімет отырысы барысында сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланатын автокөліктерге газ-баллонды жабдық орнату кезінде заңнаманы бұзу фактілері санының артуы мәселесін көтерді.

Олжас Бектенов мұндай жағдайлар азаматтардың өміріне қауіп төндіретінін атап өтті.

Сондықтан Ішкі істер және Энергетика министрліктеріне көлікті қайта жабдықтау және техпаспортта тиісті белгінің болмауына байланысты кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Еске салайық, 16 шілдеде Энергетика министрлігі еліміздегі сұйытылған мұнай газының тапшылығы туралы айта отырып, «ол дүние жүзінде ешбір жерде отын ретінде пайдаланылмайды» деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Министрлер кабинетінің отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов сұйытылған мұнай газын заңсыз экспорттаудың жолын кесуді тапсырды. Себебі төмен бағалар көгілдір отынды үлкен көлеммен шетелге заңсыз шығару жағдайлары көбейген.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы газға ауысқан автокөліктер саны 582 мың бірлікті құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Сұйытылған газ бағасының қолжетімділігіне байланысты автокөлік жүргізушілері аталмыш жанармайға ауысып жатқаны байқалады.