Ажал көліктері: Отандық көлік нарығында не болып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ажал көліктері: Отандық көлік нарығында не болып жатыр

Ажал көліктері: Отандық көлік нарығында не болып жатыр

Елімізде көлік саны жыл санап артқанымен, жаңаратын түрі жоқ, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы.  Тек екі жыл бұрын ғана – 2022 ж

  • 26 Қыркүйек
  • 20
Фото - Caravan.kz

Елімізде көлік саны жыл санап артқанымен, жаңаратын түрі жоқ, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы. 

Тек екі жыл бұрын ғана – 2022 жылы – тіркелген барлық автокөліктің саны 5 млн данадан асқан еді. 2024 жылдың тамыз айындағы мәліметтер бойынша еліміздегі көлік саны жарты миллионға дейін артып, 5,5 млн дананы құраған. Өкініштісі, көліктердің дені ескірген. 

Мамандардың хабарлауынша, автокөліктің орташа тұтыну мерзімі – 10 жыл. Бұдан кейін темір тұлпарлар тозып, ескіретін көрінеді. Десе де, халықтың жаңа көлік алуға шамасы жетпесе, көлікті темір ретінде өткізуі тиіс. Сол себепті автопарк жағдайы – халықтың әл-ауқатының басты көрінісі. 

2022 жылы Қазақстанда жылы 10 жылдан асып кеткен көлік 66%-ды құраған. 2024 жылы бұл көрсеткіш — 69%-ға жеткен. Бұл ретте, автопарктің 45%-ға жуығы 2004 жылға дейін – осыдан 20 жыл бұрын шығарылған көліктер. 

Автопарктің тозуы – Астанадан басқа еліміздің әр өңірінде байқалады. Елордада жылы 10 жылдан асқан көлік мөлшері бар болғаны 45%-ды құрайды. 

Республика бойынша автопарк ең жаңа өңірлер қатарына – Атырау облысы – 10 жылдан кем (автопарктің 47%), Астана (54%), Алматы (41%) және Шымкент 42% жатады.

Елімізде ескі автокөліктердің танымалдылығы сонша, оларды тіпті Қазақстанда аккредиттеуден өткен елшілердің өзі мінеді екен. Осылайша, елшілік нөмірлерде 9 мыңға жуық көлік тіркелген көрінеді, олардың жылы 20 жылдан асып кеткен. Сол сияқты елшілер тізгіндейтін 12 мыңға жуық көліктің жылы – 10 жылдан артық екені белгілі болды. 

Мұның барлығы еліміздегі жеңілдетілген автонесиенің төрт бірдей бағдарламасының барлығы да өзінің басты мақсаты – елге «халықтық» көлікті сыйлап, отандық автокөлік жаңарта алмағанын көрсетеді. Демек, экономиканы дамытудың тағы бір бағыты тежеліп тұр деген сөз. 

Сонымен бірге, Қазақстанда темір тұлпарларды шығару ісі бірден қарқын алды. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылған жеті жылда автокөлік өндірісінің көлемі біршама өскен, деп мәлімдейді «ҚР Ұлттық банкі экономикалық хабаршысы» (№ 3, 2023г.) басылымы. 

Мәселен, 2015 жылы өндіріс көлемі жылына 12 көлікті құраған. Ал, 2022 жылы өндіріс мөлшері бірден 103 мыңға ұлғайған. Сол сияқты жеңіл автокөлікті өндіру мөлшері де 8,5 есеге артқаны байқалады. Бұл ретте, 2015-2016 жылдары шығарылған жеңіл көліктердің басым бөлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша тұтынушылармен сатып алынған. Мысалы, 2015жылы сол жылы өндірістен шығарылған көліктердің 36%-ы аталған бағдарлама бойынша сатылса, 2016 жылы бұл көрсеткіш – 79%-ды құраған. Десе де, соңғы жылдары елімізде шығарылған автокөліктерді жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша сату көрсеткіші құлап, бар-жоғы 15%-ға дейін төмендеген. 

Одан бөлек, өнеркәсіптік құрастыруда қолданылатын жеңіл көліктерге арналған ірі тораптарды импорттау көлемі жыл сайын абсолютті мәндерде ұлғайып келеді. 

Сәйкесінше, өндірілген өнім көлеміне қатысты ірі тораптық импорттың үлесі төмендейді (2-сурет), дегенмен бұл үрдісті ірі тораптық өндіріс төмендеп, автомобиль өндірушілер шағын тораптық өндіріске көшеді деп кесіп айта алмаймыз. Өкініштісі, жоғарыда айтқанымыздай, аталған бағдарламалардың барлығы еш нәтиже бере алмады. Олар тек қазіргі автопарктің ескіру процесін тежей алды. 

Автомобильдер санының өсуі, оның ішінде бір жыл ішінде көлік санының жарты миллион данаға артуы – көлікке деген сұраныстың жыл сайын ұлғайып келе жатқандығын айқындайды. Айта кетерлігі, аталған көрсеткіш халық санына да жылдам өсуде.  Сол себепті Үкімет халықтың көлік алу ісіне қолдау көрсетуі тиіс. Десе де, мұның барлығы уақыт еншісіндегі мәселе.