Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады

Аяғы ауыр Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады

Жүктілігін жария еткен Айсәуле Бақытбек гендер-пати жасады. Ол сәбиінің жынысын көпшілікке айтты.

  • 1 Қазан 2021
  • 88
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Айсәуле атаулы күнге екі жақтың ата-аналары мен жақын достарын шақырған. Кешті шоумен Мұрат Мұтырғанов жүргізген.

Бақытбекқызы кешті испан стилінде безендірген. Қыз не ұл деген жазудың өзін испан тілінде жаздырған. Бұл қылығын бикеш былай түсіндірді: "Менің күйеуім испан тілін жақсы біледі және "Реал" футбол клубының жанкүйері. Бар хикая осы".

Кеш қонақтары УДЗ-ның жауабын білгенге дейін өз нұсқаларын айтып, тіпті бәске ақша тікті. Меймандар жасаған болжамдарына сай, алқызыл және көгілдір түсті киім киіп келген. Бұл да Айсәуленің ойлап тапқан дресс-коды. Баян Алагөзова жиен немересі ұл болады деп, ал Айсәуленің енесі қыз болады деп күткен.

Кештің қалай өткенін көрсеткен Айсәуле көп ұзамай қызды болатынын жариялады.

"Әкең мен анаң сені күтеді. Балақай", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

 

Соңғы жаңалықтар