"Аяғы ауыр": Әли Оқаповтың жарының видеосы желіде талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аяғы ауыр": Әли Оқаповтың жарының видеосы желіде талқыға түсті

"Аяғы ауыр": Әли Оқаповтың жарының видеосы желіде талқыға түсті

Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбайдың видеосы қызу талқыға түсті. Әнші Дубайда жүрген сәтінен видео жариялап, елді қызықтырып қойды.

  • 8 Желтоқсан 2021
  • 83
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Роза Қуанышқызының келіні Ақерке Бүркітбай Дубайды қыдырып жүр. Әнші әсем қалада қыдырып жүрген сәтінен видео жүктеді. Алайда көзі қырағы көрермен оны аяғы ауыр деп топшылады.

Әншінің жүріс-тұрысын, киім киісін аңдып отырған оқырмандары дәл  осы тақырыпты қозғады. Ақеркенің кең етек көйлегі мен сымбаты көпшіліктің талқысына түсті. Оқырмандары сан сауал қойып жатыр.

“Аяғыңыз ауыр ма? Неге жасырып жүрсіз?”, “Жүкті екені көрініп тұр ғой”, “Күйеуі болған соң аяғы ауыр болады да. Сөз емес нәрсені сөз қылып”, “Оны не үшін елге жария қылу керек?”, “Жүкті болғаны жақсы емес пе? Күйеуі бар адам”, “Амандық тілеймін”, “Анаға да, балаға да денсаулық тілеймін”, “Көрмей, білмей жатып әңгіме шығаруға дайын тұрады, өзі жай ғана салмақ қосқан шығар”, – деп жазды олар.

“Менің ойымша, өмірде бәрі өнер, немен айналысасың, нені армандайсың, қалай киінесің, алысқа қалай қарайсың, неге сенесің, қалай сөйлейсің, бұл дүниені қалай көресің, барлық арманың, көзқарасың қандай, бөлмеңізді қалай сәндейсіз, күлкіңіз және мінезіңіз, өзіңізді ұстауыңыз – бәрі өнер. Сіздің өзіңіз де өнерсіз”, – деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін халық әртісі Әли мен Ақеркенің бөлек тұратынын айтып қалған еді. Бір аулада көрші тұрғанымызбен, бөлек үйде тұрамыз деді Роза Рымбаева.