Аягөзден Ақсуатқа дейінгі жол екі есеге қысқарады - ШҚО әкімдігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аягөзден Ақсуатқа дейінгі жол екі есеге қысқарады - ШҚО әкімдігі

Аягөзден Ақсуатқа дейінгі жол екі есеге қысқарады - ШҚО әкімдігі

ШҚО әкімі  Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданында болды.

  • 6 Тамыз 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz

Аймақ басшысы Аягөз ауданынан Тарбағатай ауданына дейінгі автожолдың жағдайымен танысты. Ауданда құрылыс нысандары мен ауылшаруашылық құрылымдарының барысын бақылап қайтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін 2016 жылы жөнделетін автокөлік жолдары бойынша өткен жиында облыс әкімі жөнделетін жолдарды өзі жеке көріп, кейін жоспарын бекітетінін айтқан болатын. Осы мақсатпен Даниал Ахметов Аягөзден Тарбағатай ауданына дейінгі автожолмен жүріп өтті. Аймақ басшысы «ҚазАвтоЖол» АҚ» ҰК ШҚО филиалына бірқатар ескертулер жасады. Аягөз-Ақсуат автожолының жөнделуі жол мөлшерін екі есе қысқартады. Сонымен қатар тәулігіне көлік санын 200-ден 1500-ге дейін көбейтпек. Бүгінгі таңда жолаушылар Аягөзден Ақсуатқа дейін Алматы-Өскемен республикалық тас жолы арқылы Қалбатау ауылы арқылы артық 200 км жолды жүріп өтеді.

Сонымен қатар облыс әкімі Тарбағатай ауданында Базар өзеніндегі су тоғанының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталған, жоба құны 848 млн. теңгені құрайды.


Аймақ басшысының танысқан келесі нысаны — құрылысы жүріп жатқан спорт модулімен танысты. Құны 197 млн теңгені құрайтын құрылыс 2014 жылдың тамыз айында басталып, бір жылдан кейін аяқтау керек болатын. Мердігер компанияның олқылығынан жұмыстың 30% ғана орындалған. Облыс әкімі құрылыс басқармасына тиісті шараларды қолдануды тапсырды. Мердігер компания басшылығы қазан айында құрылысты аяқтауға уәде берді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Құмкөл ауылындағы ауылшаруашылық техникасының жәрмеңкесінде болып, Ақжар ауылындағы «Қоныс» шаруа қожалығының сүт цехының жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар