"Аяқ асты бір бәле келіп жабысты": Жігер Ауыпбаевқа кім дуа жасады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аяқ асты бір бәле келіп жабысты": Жігер Ауыпбаевқа кім дуа жасады?

"Аяқ асты бір бәле келіп жабысты": Жігер Ауыпбаевқа кім дуа жасады?

Жақында ғана Оңтүстік өңіріндегі тыңдармандарымен жүздесіп, жеке ән кешімен ауыл-аймақты аралап келген Жігер Ауыпбаев қатты сырқаттанып қалды.

  • 5 Қаңтар 2020
  • 22213
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол бүгін өзінің жеке инстаграм парақшасында:

 «Сәл ертерек заманда біреу біреу үшін бұл өмірде артық болса "киллер" жалдап жоқ қыла салатын. Ал қазіргі заманда біразы ой жүгірте бермейтін "чёрная магия",сиқыр (жындар әлемімен байланыста болу) арқылы біреу біреуді құрдымға жібере салатын болды.Мүлдем сөйлей алмай қалдым. Тамақтан бір тікен қадалды да не тамақ өтпейді, не жұтына алмай қалдық. "Суық тиді,қазіргі тұмау өте жаман,ауыруханаға барып система ал.Тез тәуір болып кетесің…"-деген сөздерге құлақ асып ауыруханаға барып тексерілдім. Жазып берген тізімдегі дәрі-дәрмектерді сатып алып күніне екі мәрте системаға барып жүрдік. Системадан кейін адам сәл тәуір болушы еді. Бірақ менен еш қандай өзгеріс байқалмады. Керісінше қызуым көтеріліп,денем ауырлап кетті. Күні кеше отбасымызбен қонаққа бардық. Мазам болмай дастарханға отыра алмадым. Қонақ болып барған шаңырақтың егесі өзінің інісін алып келіп "Осы кісі саған дем салып берсінші"-деді. Бір кесе суға құран аяттарын оқып денеме бүркіп,суды ішкізді. Осылай 3-4 мәрте қайталап дем салып берді. Алланың құдыреті ғой. Денемдегі қызуым қалпына түсіп, тамағымдағы қадалып тұрған тікен жоқ болып жеңіл дем ала бастадым. 4 күн еш тәбетсіз нәр татпай жүрген едім, бірден тәбетім ашылып тамақ іше бастадым.

Дем салып берген ағамыз "Денеңе біраз нәрсе өтіп кеткен екен. Алла шипасын берсін"-деді. Бәрі Алланың қалауы ғой.                                     Бірақ менің түсінбегенім ән айтпақ түгілі сөйлей алмай, жұтына алмай қатты қиналып кеткен едім.


Значит біреудің бағын көреалмайтындардың ісі деп білемінСебебі, суық тисе система, дәрідәрмектермен ақ кетіп қалушы еді.
Қалай болса да бір Аллаға мәлім. Алла баршамызға денсаулық берсін.Егер расымен мен ойлаған қара ниеттілер болса Алла хидаят берсін.
Оның ақыретте сұрауы өте қиын. Сол тірлігі үшін тозаққа да кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан біреуге өлім тілегенше өзімізге екі өмірдеде мәңгілік ғұмыр тілейік.»-деп өз оқиғасымен бөлісті.

Және де ол қаншама күн система, уколдар, таблеткалар ішіп жүріп көрмеген өзгерісті құран-аяттар оқып дем салғаннан кейін көргенін айтады. Иә, расында да қара ниеттілер қаптаған заман да, кімнің не жасайтынын болжап біле алмайсың. Ауыпбаев мырза ауруыңыздан айыққаныңызға қуаныштымыз. Елге ұсынар әсем әндеріңіз үзілмесін.