Аяқдоптан Премьер-Лигадағы ең көп жанкүйер жиналатын стадион Ақтөбеде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяқдоптан Премьер-Лигадағы ең көп жанкүйер жиналатын стадион Ақтөбеде

Аяқдоптан Премьер-Лигадағы ең көп жанкүйер жиналатын стадион Ақтөбеде

Қазақстан футбол федерациясы 2010 жылы Премьер-Лигадағы ойындарға жиналатын жанкүйерлердің орташа көрсеткішін жариялады.

  • 29 Желтоқсан 2010
  • 643
Фото - Caravan.kz

Бұл тізімді Ақтөбе бастап тұр. Ақтөбенің «Орталығы» соңғы 6 жылда осымен 4 рет ең көп жанкүйер жинайтын стадион болып отыр. Бұған дейін мұндай мәртебеге 2008 жылы Қызылжардың «Авангард», 2005 жылы Павлодардың «Орталық» стадиондары ие болған еді. Премьер-Лига матчтарына биыл орта есеппен 4 137 адам келген. Ол 2009 жылы — 3 770, 2008 жылы — 3307, 2007 жылы — 3578, 2006 жылы — 3951 адамды құраған болатын.

Өз алаңдарындағы ойындарына жинаған жанкүйерлерінің орташа көрсеткіші жағынан Премьер-Лига командаларының арасында «ақтөбеліктер» — 6 888 адаммен көш басында дара келе жатыр. Ең аз жанкүйер жинаған команда Алматының «Қайраты» (1 116) болып отыр. Ал бұл көрсеткіш Қостанайдың «Тобылында — 5 531, Қарағандының «Шахтерінде» — 5 406, Атыраудың «Атырауында» — 5 000, Астананың «Локомотивінде» — 4 788, Павлодардың «Ертісінде» — 4 769, Оралдың «Ақжайығында» — 4 688, Тараздың «Таразында» — 4 188, Шымкенттің «Ордабасында» — 3 688, Талдықорғанның «Жетісуінде» — 1 981, Көкшетаудың «Оқжетпесінде» — 1 600 жанкүйер.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера