Аша Матай атты жылқының сатылатыны жайлы жарнама Instagram-дағы Baige.kz парақшасында жарияланды.
Лақап аты Аша Матай. 5 жасар байтал. Аяқ-қолы сау. Бағасы 4,8 миллион теңге,
— деп жазылған жарнамада.
Бұл жарнаманы оқыған танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай не күлерін, не жыларын білмеді. Бірақ шоу-бизнес өкілі ақшасы болса өзі-ақ сатып алатынын айтты.
Күлейін бе, жылайын ба? Бірақ өзі әдемі ат екен,
— деді әнші Аша Матай.