Жарияланды: 580

“Аяқ-қолы сау”. Аша Матай 4.8 млн теңгеге бағаланды

“Аяқ-қолы сау”. Аша Матай 4.8 млн теңгеге бағаланды

Алматы облысында әнші Аша Матайдың сахналық лақап атымен аттас бие сатылымға шығарылды.
5 жасар биенің иесі оны 4,8 миллион теңгеге бағалап отыр.

Аша Матай атты жылқының сатылатыны жайлы жарнама Instagram-дағы Baige.kz парақшасында жарияланды.
Лақап аты Аша Матай. 5 жасар байтал. Аяқ-қолы сау. Бағасы 4,8 миллион теңге,
— деп жазылған жарнамада.

Бұл жарнаманы оқыған танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай не күлерін, не жыларын білмеді. Бірақ шоу-бизнес өкілі ақшасы болса өзі-ақ сатып алатынын айтты.

Күлейін бе, жылайын ба? Бірақ өзі әдемі ат екен,
— деді әнші Аша Матай.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін