Аяқталып келе жатқан жыл әлемдік авиация үшін ең қауіпсіз жыл болды деп санауға болады
Аяқталып келе жатқан 2012 жыл бейбіт азаматтық авиация үшін жалпы жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау басталғалы бергі тарих ішінде ең қауіпсіз жыл болды деп санауға болады, деп келтіріп өтеді консалтингтік Ascend фирмасының деректерін The Wall Street Journal. |
Әлемде жылдың басынан бері 22 әуе апаты болды, оның ішінде 470 адам қаза болды, 2011 жылы 28 әуе апаты болған.
Қауіпсіздік көрсеткіштерінің жақсаруын сарапшылар әуе тахникасы сенімділігінің артуымен, пилоттарды дайындау шараларының жақсаруымен және дамушы елдердің әуе тасымалдаушыларына қатысты қадағалаудың күшейтілуімен байланыстырады.
Әлемде биыл әуе арқылы 2,9 млрд жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 5,5% жоғары.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін