Жарияланды: 590

Аязда сабақты тоқтатудың қысқы каникулға әсері болмайды

Астана қалалық білім басқармасының astana.kz сайтына хабарлауынша, сабақтың тоқтатылуының оқу үдерісі мен каникул күндерінің санына еш қатысы болмайды.

«Соңғы үш жыл бойы оқу жұмыс жоспарын құрарда мұғалімдер алдын ала міндеттер мен сабақтың оңтайландырылуын біріктіруді қарастырады. Осы тәсілдер сосын осындай сабақ тоқтатылған күндерде (ауа райының қолайсыздығына байланысты) қолданылады. Сондықтан сабақтың тоқтатылуы біздің мектеп оқушылары үшін мемлекеттік стандарттар бағдарламасын орындауға ешқандай кедергі келтірмейді», - деп мәлімдеді ведомстводан. Естеріңізге сала кетейік қалалық төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласының барлық мектептерінде бірінші және екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін күн суытуына байланысты аптаның аяғына дейін сабақ тоқтатылатындығын хабарлаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін