Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірген күдіктінің ісі сотқа жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірген күдіктінің ісі сотқа жетті

Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірген күдіктінің ісі сотқа жетті

Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Алматы қалалық соты мәлім етті.

  • 20 Қазан 2021
  • 85
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды. 

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру қылмысы бойынша Т-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл іс жабық есік жағдайында қаралады, өйткені мұнда жыныстық қолсұғушылық мәселесі бар», — делінген хабарламада.

Алдын ала тыңдауда мәселе алқабилердің қатысуымен немесе судьямен жеке шешіледі.

Айта кетейік, 19 жастағы Аяжан 19 наурыз күні кешкісін жұмысынан шығып, қайта оралмаған. Араға екі күн салып оның бөлшектелген денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды. 26 наурызда Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген қанды оқиға жайлы баяндады.

Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін қыздың денесін қаланың әр ауданындағы қоқыс контейнерлеріне апарып тастаған. Ұсталған азамат жедел іздестіру тобына бұл мәлметтерді өзі айтып берген. Содан кейін күдікті Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ол осы оқиғадан кейін өзіне қол жұмсамақ болған.