Ә.Ысмайыловтың «Әлем көшпенді бояуында» мерейтойлық көрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Ысмайыловтың «Әлем көшпенді бояуында» мерейтойлық көрмесі ашылады

Ә.Ысмайыловтың «Әлем көшпенді бояуында» мерейтойлық көрмесі ашылады

28 ақпанда Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Қазақстанның халық суретшісі,

  • 26 Ақпан 2013
  • 471
Фото - Caravan.kz

қазақ мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Әлем көшпенді бояуында» атты жеке көрмесі ашылады.

2013 жылы Қазақстанда қазақ және әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткері Әубәкір Ысмайыловтың 100 жылдық мерейтойы (1913-1999) аталып өтіледі. Оның көпқырлы дарыны, тежеусіз қажыр-қайраты мен энтузиазмы суретшіге өнердің көп түрінде көрінуіне мүмкіндік берді.

Ә.Ысмайыловтың көркемсурет мұрасы қазақ бейнелеу өнерінің «алтын қорынан» лайықты орын алды. Хас шебердің кескіндемелік және графикалық туындылары өзінің орындалу шеберлігімен, тақырыбымен және сюжетінің шексіз алуандығымен, бояуының байлығымен және образдарының философиялық көтеріңкілігімен таңғалдырады.

Қылқалам шеберінің көрмеге қойылған «Құлпырған Алатау өңірі» (1942), «Көртоғай» (1955), «Хан Тәңірі етегіндегі жайлау» (1959) суретшіге тән ерекше тұлғалы үнімен және шынайы эпикалық кең тыныстылығымен көзге түседі.

Оның акварельдік этюдтері еркін де жеңіл деммен орындалған, қашан да көзге көрінген желіден алған алғашқы әсер сақталып тұрады. Ә. Ысмайылов графикалық парақтарында сомдаған қазақ тарихы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Кенесары, Абай, Құрманғазы, Жамбылдың ұлы тұлғалары бір төбе.

Перейти к новостям спорта