"Аз шолжыңдаған жоқ, жындарын қағып алу керек": Танымал журналист әншілер мен блогерлердің үкіметке халықпен бірге салық төлеуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аз шолжыңдаған жоқ, жындарын қағып алу керек": Танымал журналист әншілер мен блогерлердің үкіметке халықпен бірге салық төлеуін талап етті

"Аз шолжыңдаған жоқ, жындарын қағып алу керек": Танымал журналист әншілер мен блогерлердің үкіметке халықпен бірге салық төлеуін талап етті

Танымал журналист, блогер Мөлдір Бақыт еліміздегі әншілер мен блогердің қарапайым халықпен бірге ҚҚН салығын төлеуін талап етті.

  • 17 Ақпан
  • 113
Caravan.kz

Ол «еркетотайлардың жындарын қағып алатын уақыт жеткенін» ашық айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист өткір ойын өзінің желідегі парақшасында мәлімедеді.

«Осы тойда ән айтып, мың долларлап гонорар алатындарды креативті индустрия өкілдеріне жатқыза аламыз ба? Тағы бір мәселе, жылына 15 млн табысы барлар НДС төлейді дедік. Сонда осыған дейін әнші-пәнші, блогер-слогерлер салықты қалай төлеп келді? Креативті индустрия өкілі ретінде 4% ғана ма? Тағы ИП шығар барлығында? Әлде ол да жоқ па?

Менің ойымша, олар да басқа бизнес өкілдері секілді жауапкершілік алуы керек. Салық төлесе, төбелерінен суық су құйып жібергендей оянады. Айналаға қарай бастайды, талап ете бастайды. Риторикасы өзгереді. Осы күнге дейін аз шолжыңдаған жоқ. Еркетотайлардың жындарын қағып алатын уақыт жетті.

P.S. Олар қайырымдылық жасайды деген жабайы уәж өтпейді», — деп кесіп айтты журналист.