Азаматтарды шекара асырумен айналысқан қылмыстық топқа үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтарды шекара асырумен айналысқан қылмыстық топқа үкім шығарылды

Азаматтарды шекара асырумен айналысқан қылмыстық топқа үкім шығарылды

Орал қалалық соты трансұлттық ұйымдасқан топ қатысушыларына қатысты үкім шығарды.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бір топқа ұйымдасқан түрлі елдің азаматтары 2014 жылдың мамырынан биылғы сәуірге дейін Өзбекстан азаматтарын Қазақстан арқылы Ресей аумағына тұрақты түрде заңсыз өткізіп отырған. Басқалармен тығыз байланыс ұстай отырып, олардың әрқайсысы өздеріне жүктелген міндетті орындап отырған. Сонымен қатар қылмыстық іс-әрекетке аталған үш елдің өзге азаматтары да тартылған.

Сот үкімімен Б.Тасполатов, М.Артықбаев, Б.Әділов, Б.Әділова, А.Сұңқарәлиев ҚР ҚК 264-бабы 2-бөлімі (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу), 394-бабы 3-бөлімі (қылмыстық топпен жасалған заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша айыпты деп танылып және ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлімі қолданылып, олардың әрқайсысы мүлкін тәркілеумен бірге төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.

А.Медведев, Б.Шәріпов, А.Мирзаев ҚР ҚК 330-2-бабы 1-бөлімі (1997 жылғы редакцияда, көлік құралдарын немесе жалған құжаттар, тұрғын немесе басқа мекенжай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан аумағына заңсыз кіру, шығу, жүруі үшін азаматтарға, шетелдіктерге  және азаматтығы жоқ адамдарға басқалай қызмет көрсету) бойынша айыпты деп танылып, олардың әрқайсысына 200 АЕК көлемінде 396,4 мың теңге айыппұл салынды.

М.Ахметжанов ҚР ҚК 264-бабы 2-бөлімі, сондай-ақ 287-бабы 3-бөлімі (атыс қаруының оқ-дәрі құралдарын заңсыз иелену, сақтау), 394-бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 58-бабы 3-бөлімі қолданылып, мүлкін тәркілеумен бірге төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.


А.Хафизовке ҚР ҚК 394-бабы 2-бөліміне сәйкес 50 АЕК көлемінде 99,1 мың теңге, А.Ермековке ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлімі, 394-бабы 2-бөліміне сәйкес 50 АЕК көлемінде 99,1 мың теңге айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар