Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде нақты әрекетке көшетін мерзім жетті - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде нақты әрекетке көшетін мерзім жетті - ҚР үкімет басшысы

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде нақты әрекетке көшетін мерзім жетті - ҚР үкімет басшысы

Бүгін, 9-қазанда Астанада ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов ипотекалық несие және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту мәселелері бойынша құрылған арнайы жұмыс тобының есебін тыңдады. Бұл туралы KZ-today агенттігіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қазан 2003
  • 512
Фото - Caravan.kz

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, жұмыс тобы ипотекалық несие беру жүйесін болашақта жалпыхалықтық сипатқа көшіру үшін несие алушылар ауқымын кеңейтуге бағытталған кешенді шаралар жоспарын үкімет басшысының назарына ұсынды. Бұл жоспарға сәйкес, Қазақстанда ипотекалық несие және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың басты алғышарттары — арзан тұрғын үйлер салу аясын кеңейту, берілетін несие мерзімін ұзарту, несиелердің өсімақысы мен несие алушының төлейтін бастапқы жарнасының мөлшерін азайту болып табылады делінген.

Кеңес қорытындысы бойынша Д.Ахметов ұсынылған шаралар кешенінің қаржылық-экономикалық және құқықтық негіздемелерін әзірлеуді жеделдету туралы тиісті мемлекеттік мекемелерге тапсырма берді.
Қазақстан азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету — айрықша өткір мәселелердің бірі болғандықтан, оны тез арада шешу үшін теориялық ізденістерден нақты әрекетке көшетін мерзім жетті,- деді үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар