Азаматтардың ЕурАзЭҚ аумағындағы уақытша еңбек көші-қоны туралы үкіметаралық келісімдердің жобасы Алматыда талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтардың ЕурАзЭҚ аумағындағы  уақытша еңбек көші-қоны туралы үкіметаралық келісімдердің жобасы Алматыда талқыланады

Азаматтардың ЕурАзЭҚ аумағындағы уақытша еңбек көші-қоны туралы үкіметаралық келісімдердің жобасы Алматыда талқыланады

Алматыда азаматтардың ЕурАзЭҚ аумағындағы уақытша еңбек көші-қоны туралы үкіметаралық келісімдердің жобасы талқыланады. Бұл мәселе бүгін, 10-желтоқсанда ашылған Қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының екі күндік отырысының күн тәртібіне қойылатын басты мәселеге айналмақ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2003
  • 489
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан президентінің атқарушы аппаратының ТМД елдерімен байланыс жөніндегі бөлімінің қызметкері Сухроб Холовтың хабарлауынша, кездесуге қатысушылар екі күн ішінде 20 мәселені сарапқа салмақшы. Олардың арасындағы айрықша маңыздыларына тоқталар болсақ, ЕурАзЭҚ елдері аумағына тауар енгізу және шығаруды қадағалау тетіктері, сондай-ақ, Достастық елдерінің кедендік мекемелері арасындағы кедендік бақылау аясында тауар тасымалдау барысында төленетін кедендік төлемдерді кеден мекемесінің есепшотына аудару немесе банк кепілдемесін пайдалану арқылы жүзеге асыру мәселелері болмақ. Сондай-ақ, тараптар ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негіздерінің мәртебесі туралы келісім жобасын қарайды деп күтілуде. Қаралған барлық мәселелер бұдан кейін Интеграциялық комитеттің отырысына шығарылып, ЕурАзЭҚ мемлекет басшыларының мемлекетаралық кеңесіне қол қою үшін жолданады.

Бүгін сондай-ақ, Минскде ЕурАзЭҚ елдерінің біртұтас кедендік тарифтерін қалыптастыру жөніндегі Достастық сарапшыларының кеңесі басталды. Оған Тәжікстан Республикасы экономика және сауда министрлігінің көп жақты ынтымақтастық басқармасының бөлім бастығы Фаррух Солиев қатысуда.

Соңғы жаңалықтар