"Азаматтардың репродукциялық құқығы және оны жүзеге асыру кепілдігі туралы" заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азаматтардың репродукциялық құқығы және оны жүзеге асыру кепілдігі туралы" заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді

"Азаматтардың репродукциялық құқығы және оны жүзеге асыру кепілдігі туралы" заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді

ҚР парламентінің сенаты "Азаматтардың репродукциялық құқығы және оны жүзеге асыру кепілдігі туралы" заң жобасы бойынша мәжіліс пен сенат арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсынысымен келісті. Бүгін, 3-маусымда жоғарғы палатаның кезекті жалпы отырысында депутаттар осындай шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2004
  • 942
Фото - Caravan.kz

Сенатор Бексұлтан Тұтқышевтың өз баяндамасында атап көрсеткеніндей, бұл заң жобасы ҚР азаматтарының репродуктивтік құқығын айқындайды.

Қорытынды құжатта заңның ең даулы баптары былай деп көрсетілген : заңның 18-бабы 35 жастан асқан немесе 2-ден артық баласы бар азаматтарға хирургиялық жолмен балалы болу қабілетінен айыру құқығын, ал дәрігерлер осындай кеңес берген және азаматтың өзі келісімін берген жағдайда жасы мен баласының санына қарамастан жоғарыдағы құқықты жүзеге асыруға рұқсат береді. Ал мәжіліс бекіткен нұсқада Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа жеткен барлық азаматтарына өз қалауынан тыс жүкті болудың алдын алуға бағытталған хирургиялық тәсілді өз еркімен таңдап алу құқығы берілген-тұғын.
Заң жобасының 12-бабы бойынша өз ерік-қалауын білдіру қабілетінен айрылған әйелге операция жасау мерзімін кешіктіру оның өміріне қауіп төндірген немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін дертке шалдыққан әйелдің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрігер немесе дәрігерлік комиссия жүкті әйелге операция жасау туралы шешім шығару құқығына ие болады деп көрсетілген.
Келісім комиссиясы аталмыш заң жобасындағы келіспеушілікке түрткі болған 11 даулы норма бойынша шешім шығарды.
Сөйтіп, «Азаматтардың репродукциялық құқығы және оны жүзеге асыру кепілдігі туралы» заңды парламент сенаты қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді.