Азаматтық альянс: тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдардың байланысын арттыру қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық альянс: тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдардың байланысын арттыру қажет

Азаматтық альянс: тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдардың байланысын арттыру қажет

Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «Ақылы және тегін медициналық көмек көрсету тәртібі» атты тақырыпта қоғамдық дәріс берілуде.

  • 24 Маусым 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шара Қазақстанның Азаматтық альянсы үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындармен тығыз қарым-қатынастарын жетілдіру мақсатында қолға алып отырған жұмыстардың бірі деуге болады. Бүгінде азаматтық альянс республика көлемінде түрлі тақырыптар бойынша осындай лекциялар ұйымдастыруда. Олардың тақырыбы аналарды қорғау, әлеуметтік қорғау, жеке және зейнетақы салымдарын басқару, электронды үкімет сияқты көптеген кең ауқымды мәселерді қамтиды.

«Бұл Азаматтық альянстың үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындармен тікелей байланысты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жасап отырған жаңа тиімді қадамдардың бірі. Жалпы, қазақстандықтардың сауатын жетілдіру үкіметтік емес ұйымдардың да мақсаты. Биыл тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Бүгінгі жетістігіміздің халқымыздың арқасында келген игілік екендігін Елбасымыз да талмай айтып келеді. Біз өз құқықтарын білетін, сауатты да белсенді халқы бар ел ғана өсіп-өркендей береді деген ойдамыз», -дейді шараны ұйымдастырушылар.

Қоғамдық дәрістер азаматтардың белсенділігін арттырып, олардың құқықтық сауаттарын арттыруға бағытталған игі іс. Бүгінгі шара осы бағыттағы жұмыстардың алғашқысы. Осыған қарай шара барысында дәрісті Астана қаласының Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Ғылыми бағдарламалар сараптамалық орталығының ғылыми қызметкері Алима Алмадиева оқуда.

Соңғы жаңалықтар