Азаматтық авиация академиясы лицензиясынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық авиация академиясы лицензиясынан айырылуы мүмкін

Азаматтық авиация академиясы лицензиясынан айырылуы мүмкін

Азаматтық авиация академиясы лицензиясынан айырылуы мүмкін.

  • 8 Қараша 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Азаматтық авиация академиясында жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация академиясында 4-7 қараша аралығында жоспардан тыс аудит өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған заң бұзушылықтар бірнеше рет жойылмағаны белгілі болды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне және 464-бабының 2-бөлігіне сәйкес, лауазымды тұлға бұйрықты орындамаған және жыл ішінде бірнеше рет заң бұзғанs, сондай-ақ лицензия беру стандарттарын бұзушылық жойылмаған жағдайда, әкімшілік жазадан лицензиядан айырумен бірге әкімшілік айыппұл салынады», — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінде атап өтілгендей, бүгінгі таңда білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензиядан айыру үшін әкімшілік істердің материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.


Соңғы жаңалықтар