Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттары арқылы 618 млн теңге игерілген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттары арқылы 618 млн теңге игерілген

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттары арқылы 618 млн теңге игерілген

Бүгін Астанада Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша қоғам алдында есеп берді.

  • 22 Желтоқсан 2017
  • 354
Фото - Caravan.kz

Есеп беру барысында 2017 жылы гранттық қаржыландыру саласында бөлінген мемлекеттің 618,5 млн теңгесі қандай жобаларды қаржыландыруға жұмсалғаны туралы айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Биыл Орталық мемлекеттік гранттарды беру үшін үш байқау өткізді. Нәтижесінде еліміздің 49 үкіметтік емес ұйымы құны 618 млн 595 мың теңге болатын 57 гранттық жобаны жүзеге асырды. Бұл жобаны қаржыландырған Қазақстан республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі екенін атап өткен жөн» — дейді «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов.

Оның айтуына қарағанда барлығы 327 ҮЕҰ-нан 512 өтініш келіп түскен. Оның сыртында еліміздің әр өңіріндегі 173 ұйымнан 245 өтініш тіркелген.

«57 гранттық жобаны жүзеге асыру негізінде 39 әлеуметтік қызмет құрылып, кез келген азамат көмек сұрап бара алатын ақпараттық, білім, кеңес беру және әлеуметтік қызметтер топтастырылды. Сонымен қатар 6 сенім телефоны, 8 веб-ресурс тіркелді. Мысалы 6 жедел желінің бірі Теміртаудағы «Менің үйім» қоғамдық ұйымының номеріне қиын жағдайға тап болған 615 адам қоңырау шалған. Оның сыртында құрылғанымызға екі жыл толмайтын уақытта 35 зерттеу жұмысын, 400 оқыту шарасын өткіздік. Оған 39 ұлттық және 7 халықаралық сарапшы тартылды. Ал алдағы 2018 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 900 млн-нан астам сома көлеміндегі 79 гранттық жоба ұсынатын болады » — дейді Нұрлан Өтешов.


Биылғы жылғы қаржыландыруға ілінген ұйымның бірі «Еуразиялық құқық қорғау» орталығы.

«Біз 8 айға 12 млн теңге көлемінде грант ұттық. Сол арқылы еліміздегі ҮЕҰ арасында құқықтық мәселелер бойынша жұмыс істеп, барлығын тиынына дейін есептеп өткіздік. Енді алдағы жылдың грантына қатысуға ниеттеніп отырмыз. Грант болғандықтан конкурс арқылы қабылданатыны белгілі, өтетін-өтпейтініміз әзірге белгісіз» — дейді құқық қоғау орталығының президенті Еңлік Нұрғалиқызы.

Соңғы жаңалықтар