Азаматтық неке қазақта бұрыннан болған. Абайдың өзі бірнеше қызды бүлдірген - Анна Құдиярова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық неке қазақта бұрыннан болған. Абайдың өзі бірнеше қызды бүлдірген - Анна Құдиярова

Азаматтық неке қазақта бұрыннан болған. Абайдың өзі бірнеше қызды бүлдірген - Анна Құдиярова

Елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі ажырасу. Ажырасудың алдын-алу үшін жастардың көпшілігі азаматтық некеде тұрып көру керек деп қолдайды. 

  • 11 Қазан 2019
  • 19488
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Психоанализ Институтының директоры Анна Құдияровамен Caravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбаттасты. 

— Азаматтық некені қолдайсыз ба? Азаматтық неке қазақта болмаған ғой…

— Қалай қазақта болмаған? Болған. Ұрын күйеу деген қазақта бар. Абайдың өзі біренеше қызды бүлдіріп тастаған. Ұялмай талай қыздың пәктігінен айырған. Абай жолын оқып таңқалғанмын. Абайдың жастық шағы туралы жазылған кітабын оқысаңыз ұрын күйеу туралы жазылған.

Қыз Жібекте қыздай тимеген. Бірақ, оны бәріміз жақсы көреміз. Мақтан тұтамыз.

Шариғат келгеннен кейін ғой пәктік деген ұғым пайда болған.

Халықаралық Денсаулық Сақтау ұйымының статистикасы бойынша 20 жасқа дейінгілерді жасөспірім шақ деп, ал, 40 жасқа дейінгі жастық шағы болып саналады. Үйленуді 30 жастан кейін бастаған дұрыс.

90 жылдары елімізде жағдай жоқ уақытта өмір сүрген ата-аналар балаға қандай тәрбие берсін. Балаға киім, ішерге тамақ тауып берумен ғана шектелген. Өздерінде психологиялысы дұрыс емес ата-ана балаға отбасы деген тақырыпты қайдан үйретеді. Жаны жаралы ұрпақтың құрған отбасы қалай болады? Маған келген клиенттердің түсінігінде қыз бала өзіне әке, ер бала өзіне шеше іздейді. Әрбір қыздың ойы жақсы еркек тапсақ дейді. Күйеу мені жақсы көру керек, асырау керек, қажеттіліктің бәрін алып беру керек дейді. Әкесінен естімеген жылы сөзді күйеуінен естісем екен деген ой қалыптасқан. Ал, керісінше ер балалар өзіне әйел емес, өзіне шеше іздейді. Ер азамат әке болғысы келмейді.

Психологиялық кәмелетке жетпеген адамдар үйленген кезде міндетті түрде ажырасу болады.

— Ажырасудың санын азайту үшін не істей аламыз?

— Мен үйленгім келеді деген қыз бен жігіт алдын-ала психоанализ орталығына барып тексерілу керек. Одан кейін бірін-бірі тапқан жастар жұп болып барып, екеуміздің психологиялық үйлесімділігіміз бар ма деп тексерілулері қажет.

Ажырасу кезеңі жастардың ә дегенде үйленген күнінен бастап, 5 жылға дейінгі аралықта өте көп кездеседі. Клиенттерімнің бірінің басында болған жағдайды баяндап берейін. Екі жас отау құрардан алдын жанжалдасып қалады. Тойға адамдар шақырылып қойған. Сонда жігіт қызға тек тойымда қасымда тұрсаң болды деп тойды өткізген. Той біте салысымен екеуі екі жаққа айырылып кеткен. Ажырасудың басы осы. Бірінші күннен бастап тұр. Бұл қоғамда өршіп тұрған мәселе.


Кредитті алып, құда-жекжатты тойдырып болып барып ажырасып жатады.

Жалпы ер мен әйел арасында жан жылулығы, белден төмен жақтағы жылулық және ең бастысы сыйластық болу керек. Бұл үшеуі болмағандықтан, ажырасу болады.

Ажырасуды азайту үшін — әрбір жас отбасын құрмас бұрын, психоанализден өту керек. Психоанализден өту үшін үкімет тарапынан жастарға қаржы бөлінсе деймін.

Ажырасудың нақты себебін атап айтып бере аласыз ба?

— Ажырасуды топ-топқа бөліп қараймыз. Ақшаға келіп тірелсе, психологқа байлар келмес еді. Қаншама жылап келіп жатқан байлар бар. Ажырасуды біз әр топқа бөлеміз. Қаржы мәселесі, екі жастың арасында боланың болмауы, не болмаса еркектің немесе әйелдің өзгемен көңіл қосуы, ата-ененің, ағайын-туыстың, қайын жұртының араласуы деген сияқты түрлі жағдайлар салдарынан болады.

— Сот пен психологты біріктіруге көзқарасыңыз

— Мен осы мәселені 20 жылдан бері айтып келе жатырмын.

Бұрындары ажырасып болып келетін еді. Қазіргі кезде жастар ақылды. Ажыраспай тұрып келеді. Жағдайдың бәрін баяндап, екеуі де бізден ажыраспаудың жолын сұрайды.

Жастарға айтарым, отбасын құру үшін де, балалы болмай тұрып та психоанализден өтулері керек. Саналы түрде отбасын құрғанда ғана ажырасу мәселесі азаятыны анық.

 

ЕСКЕРТУ:  Сұхбатты көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек!