Азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің Ел халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға қолдау жасаудың мемлекеттік тұжырымдамасы жасалған. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғышарты екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеретін уақыт келген сияқты. Яғни үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы жасалып қана қоймай, Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық коммисияның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір бұтағына айналуы тиіс.
Мұндай кешенді іс-шаралар тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңда көрсетілген мұратқа сай құқықтық мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізері хақ. Қазақстанның саяси жүйесінің демократизациялануы, өркениетті нарықтық экономика мен құқықтық мемлекетті құру үшін азаматтық қоғамның маңызы зор.Бүгінгі күні Қазақстанда азаматтық қоғамның құрылуы үшін керекті институттық негіз жасалған. Осының нәтижесінде құқықтық негізде көптеген ерікті ассоциациялар және ІІІ-ші сектор ұйымдары жұмыс істейді. Бірақ азаматтық қоғамның нәтижелі жұмыс істеуі үшін алдын ала институциялық жағдайлар жасау жеткіліксіз болып отыр.
Азаматтық қоғамның Қазақстанда жетілмеу себептері оның мәдени-әлеуметтік жағдайлардың толық дамуымен байланысты. Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы үшін әлеуметтік эволюция қажет. Әрине бұл азаматтық қоғамның мәдени-әлеуметтік дамуын қол құсырып күтіп отыруын қажет етпейді. Мәдени-әлеуметтік даму уақытқа ғана байланысты емес, ол мемлекеттің, қоғамның және оның институттарының белсенді күш салуына байланысты. Азаматтық қоғамда азаматтардың халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси және мәдени тұрғыда жоғары дәрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады.
Құқықтық мемлекет-конституциялық басқару тәртібі қамтамасыз етілген, шын мәнісіндегі билік бөлінісі мен олардың тиімді қарым-қатынасы мен өзара бақылауы жүзеге асырылған, саясат пен билік құрылымына әлеуметтік бақылау орнатылған, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі қалыптасқан мемлекеттік құрылым. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саңылауы, заңның халықтың еркін білдіруі және жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі танылады. Бұл мемлекетте пікір алуандылығы кең өріс алады. Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйенің келешегін құқықтық мемлекеттің қалыптасып дамуымен байланыстырады.
Азаматтық қоғам бір мезетте өздігінен қалыптасатын қоғам емес. Батыс елдерінің тарихына үңілер болсақ, азаматтық қоғам екі жолмен қалыптасқан: мемлекеттің қатысуымен және қатысуынсыз. Мемлекеттің қатысуымен заңдар жарияланып, демократиялық жүйе дамиды. Мемлекеттің қатысуынсыз қоғамдық-саяси қозғалыстар мен бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне жұмыла кіріседі. Азаматтық қоғамда жеке тұлғалар өзін-өзі таныту мүмкіндігіне ие болып, «адам – қоғам – мемлекет» үштігінің пропорционалды түрде даму үрдісін жылдамдата түседі. Мұндай үрдіс елдің экономикалық-саяси дамуы мен халықтың әл-ауқатының, мәдениеті мен сана-сезім деңгейінің артуымен бірге орнайтын құбылыс. «Адам – қоғам – мемлекет» үштігінің дамуы азаматтардың өз жүріс-тұрысын жеке мүдделеріне негіздеп, әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарау санасын кемелдендіре түседі. Азаматтық қоғамның қалыптасып дамуының алғышарттарына жеке тұлғалардың меншік иесіне айналуы, азаматтардың тең құқықтылығының орнауы, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі жатады. Ал азаматтық қоғамның дамуы барысында экономика саласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар мен бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен ұжымдық шаруашылықтар ерікті түрде бірігу мен бәсекелестік жолына аяқ басып, еркін нарықтық қатынастарға кіреді, сондай-ақ, әлеуметтік салада отбасылар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекеттік емес БАҚ-тар мен өзін-өзі басқару органдары қоғам мүддесін өркениетті жолмен ашық түрде білдіре бастайды. Сонымен қатар, саяси салада партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар демократиялық қағидаттар мен ұлт дәстүрі үшін күреске кіріседі, ал рухани салада шығармашылық топ өкілдері мен басқа да азаматтық бірлестіктер мемлекеттен және өзге де саяси құрылымдардан тәуелсіз түрде ой еркіндігін, ар-ождан мен сөз бостандығын пайдалана бастайды. Азаматтық қоғамды қалыптастыратын да, сақтап, қорғайтын да ұлт болып табылады. Ұлт қана ұлттық дәстүрдің сақталуын талап ету еркіне ие күш. Сондықтан «ұлт» ұғымын дұрыс түсінгеніміз жөн. Ғылыми әдебиеттерге сүйенер болсақ, заманауи «ұлт» сөзін түрлі мағынада қолданатын ғалымдардың екі тобы кездеседі.
Ғалымдардың бірінші тобы бір мемлекет азаматтарының жиынтығын «ұлт» деп атайды. Мұндай көзқарасқа негізделген саяси бағыт «мемлекеттік немесе азаматтық ұлтжандылық» деп аталады. Ғалымдардың екінші тобы болса, «ұлт» ұғымын шығу-тегі, мекенжайы, діні, шекарасы мен құндылықтары ортақ адамдардың саяси және мәдени қауымдастығы ретінде қарастырады. Тарихта мұндай саяси идеология «этникалық немесе этностық ұлтшылдық» деп аталады. Қазақ халқының этностық ұлтшылдығы 1991 жылы Қазақстан Республикасын құрды. Қазақстан халқының азаматтық ұлтшылдығы көпвекторлы саясат аясында көпэтностық және көпконфессиялы Орталық Азия аймағын келісім мен бейбітшілік алаңына айналдырды. Бүгінде әлем көз тіккен Қазақстан жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты дамытуда өзіндік орны бар мемлекет. Қазақстандықтардың азаматтық ұлтшылдығы бодандық пен сепаратизмнің кез келген түріне, оның ішінде ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіруді көздейтін деструктивті ағымдарға үзілді-кесілді қарсы.
Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алда тұрған мақсаттарға жету үшін 2015 жылы мемлекеттің болашағына негізделген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялады. Ұлт жоспарының негізгі мақсаты қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалап, жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап бере отырып, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруін қамтамасыз ету деп белгіленді. Ұлт жоспары отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, бес жұмыс тобынан жасақталған Ұлттық комиссия тарапынан кезең-кезеңімен орындалып келеді. Онда көрсетілген нақты қадамдардың жүзеге асырылуы қазақстандықтардың біртектілігін нығайтып, азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызатынына сенім білдірілуде.
Бүгінгі таңда Ұлт жоспары аясында қазақстандықтар «кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «индустрияландыру жəне экономикалық өсім», «біртектілік пен бірлікті қамтамасыз ету», «есеп беретін мемлекет қалыптастыру» жолында табанды еңбек етіп келеді. Қазіргі буын өкілдерінің қолына Ұлт жоспарын жүзеге асыруға атсалысумен қатар, айтарлықтай дамыған Қазақстанды қалыптастырып, жаңарған елімізді жаңа буын өкілдеріне табыстау мүмкіндігі тиіп отыр. Аталған үрдіске қоғамның барлық мүшелері «адам – қоғам – мемлекет» пішімі шеңберінде жұмылдырылған жағдайда Ұлт жоспары өз мақсатына жетіп, азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру жолы кеңейе түспек.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте ең бірінші орында азамат, оның құқықтары мен бостандықтары, заңдық тұрғыда қорғалынуы тұрса — құқықтық демократиялық мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар-Конституция зор маңызға ие болады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы 1995 жылы Конституциясы демократиялық қоғам құру мен әрбір жеке адамның автономиясының заң жүзіндегі кепілдіктерін қамтамасыз етуге қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Олардың қатарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негізде бекітілуі, билік тармақтарының бөлінуі, тәуелсіз конституциялық бақылаудың, заңның үстем болуы, идеологиялық және саяси әр алуандылықтың өрістелуі және т.б. конституцияда бекітілген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытудың ұстанымдары бар.
Қазақстан қоғамында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті орнықтырудың басты алғышарттары мен ұстанымдарын негіздеп, оны қамтамасыз етуде қоғамдық саяси өмірге демократиялық нысанды енгізу бірден бір дұрыс бағыт болып табылады. Азаматтық мемлекет пен құқықтық мемлекетті қалыптастыру күрделі, ұзақ та қайшылықты процесс.Олар қоғамдық-саяси күйдегі заң орындарының жарлығына сәйкес пайда болмайды. Бұл құрылымдар белгілі бір тарихи кезең аралығында саяси жүйенің табиғи деңгейде жоғары дәрежеде дамуына байланысты негізделген.
Демек, Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне қазақ ұлтының тарихи ой-санасы мен саяси мәдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт. Сонымен жоғарыдағы қарастырылған мәселелерді қортыта келе, азаматтық қоғам мен құқықытық мемлекет құру жолында Қазақстанда күрделі процестер жүріп жатыр деп айтуға болады. Атап айтар болсақ құндылықтарды бағалау, рухани бағдарлардың жаңа мәнге ие болуы, қоғамдық сананың трансформациялануы билікке, қоғамға, саяси жүйеге деген көзқарастарды қалыптастыруда. Бұл жағдайда авторитарлық басқару әдісінен бас тартып, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет негізін құруға бағыт алған Қазақстан саяси басқару жүйесі, өз қызметінде демократиялық нормалар мен принцптерді басшылыққа алуы қажет. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, биліктің бөлінуі, жаңа конституция қалыптасып жария етілгенімен, халық билігі немесе демократия типіндегі билік формасы біздің қоғамымызда әлі қалыптасқан жоқ. Біздің қоғамымыз қазір екі жүйеде дамуда. Бір жағынан ұлтаралық татулық, келісім, халықтың биліке деген сенімі түрлі саяси күштердің барлығының көрінісі бар, ал екінші жағынан–қоғамның барлық саласын қамтыған жемқорлық, қатаң орталықтанған билік, үкіметке деген сенімсіздік және қоғамдағы қалыптасқан жүйеге деген қанағаттанбаушылық бар.Осыдан ой түйіндейтіміз азаматтық қоғам елімізде қалыптасу сатысында, әлі елімізде шынайы саяси билікке бәсекелес болатын, саяси күштердің теңдігін қамтамассыз ететін, үкімет қызметіне бақылау жасай алатын күш қалыптаспай жатыр. Оған кедергі болып жатқан бұрынғы тоталитарлық тәртіп пен номенклатуралық жүйеге үйренген- қоғамдық сана. Ескертетін бір жағдай Қазақстандағы демократияның дамуы халық қалауымен емес, биліктің саяси бағытынан туындаған. Батыс елдері демократиялық бағытқа жаңа қатынастардың дамуы нәтижесінде, атап айтқанда құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, мемлекет қызметінің шектелуі, жергілікті өзін басқаруға деген ұмтылыстың ұзақ процесінде түсті. Осыған сәйкес Қазақстан да өзіне қажетті құндылықтарды енді игеріп, азаматтық қоғам бағытына енді ғана аяқ басты. Ал бұл процесс Қазақстан үшін ұзақ та күрделі процесс болмақ
Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық коғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам және т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның баска түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы катынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық — аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Оған дәлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құқықтық негізді құрайды. Мысалы меншік тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы баска жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялык, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүлде — мақсаты.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдык бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизімін белгілейді.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардын күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, керінісін үдетеді немесе баяулата алады.
Азаматтық қоғам — адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар «азаматтық коғам» терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық қоғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын.
Тегінде азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. Бөлімшеде «Азаматтық қоғам» ұғымы қайдан пайда болған? — деген сауалға жауап беру үшін, диссертант әрбір тарихи дәуірдегі атақты ойшылдардың еңбектеріне шолу жасайды.
Мұнда, азаматтық қоғамның кейбір элементтері көне дәуірдің бірнеше елдерінде /Греция, Рим және т.б./ кездесетіні, бұл мемлекеттерде колөнердің, сауданың дамуы, римнің жекеше құқығы сиякты институттары қолданылатыны, азаматтық қоғамның өзінің қалыптасу жолында ақшалай-заттай өндірісті дүниеге әкелгендігі, Еуропа мен Америка құрлығының бірқатар елдеріндегі азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі баяндалады. Алайда, кейбір ойшыл-ғалымдардың пікірлері бойынша, ерте дүние ойшылдарының философиялық көзқарасы ретінде «азаматтық қоғам» Аристотель атымен байланыстырылатыны, атақты ойшыл мемлекетті айқындау алдында ең алдымен азамат туралы түсінікті ашатыны, өйткені мемлекет -азаматтардың, азаматтық ұйымның жиынтығы болып табылатыны аталады. Осыған орай Аристотельдің пайымдауынша «мемлекет» және «азаматтық қоғам» — синонимді ұқсас мағынага ие болатыны айтылады.
И. Канттың «Мәңгілік өмірге жол» «Путь к вечному миру» или «К вечному миру» атты еңбегін оқу барысында азаматтық қоғам және демократиялық құқықтық мемлекет ұғымдарымен кездесесің және сол кездегі әлемдегі болып жаткан тарихи кезендерге көз жүгіртесің. И. Канттың тұжырымдамаларына сүйенетін болсақ сол кезде аңсаған құқықтық мемлекетті қалыптастыруға болатын жолдарын көз алдыңа елестете аласың. И. Кант «мәңгілік өмірге» жету үшін кажетті жолдар жобасы бойынша, алыс-жақын болашақта тек кана құқықтық негізде дербес, тәуелсіз федеративті нысанда қалыптасқан республикалық типте дамыған мемлекеттер жете алады деп жазған.
И. Кант құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.
Ұлы Георг Вильгельм Фридрих Гегельде жаңа кезеңде қоғам ұғымына көп көңіл бөлген. Соның бірінде «Азаматтық қоғам» ұғымы Гегельдің «Құқық философиясы» атты еңбегінде мынадай анықтама берілген: «Азаматтық қоғам тек қазіргі кезде қалыптасқан, және оның бастапкы идеясы болып олардың құқықтары болып табылады». Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке мемлекеттің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптырын іске асырудың жүйесі. «Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді… Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды», — деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына карасаң, ол азаматтық қоғамның сан қырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.
Шынында да азаматтық қоғамның бастапқы қаруы болып адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалынуы болып табылады. Екінші орында ғана мемлекет тарапына жасалынатын әрекеттер жатқызылады. Бірақта мемлекет те, қоғам да бір-бірінен алшақ болмауы тиіс деп айтамыз. Әйтпесе анархиялық құлдыраушылық сипаттағы мемлекетке жетіп қалуымыз ықтимал. Сол себепті мемелекеттің механизмін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар азаматтық қоғамды коғам ретінде көркемдеуі үшін нормативтік-құқықтық актілер базасымен толыққанды түрде қамтамасыз ету керек, ал ол үшін халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. қажеттіліктерін ескеру міндетті.
Азаматтық қоғамды жеке тұлғалардың экономикалық, құқықтық және басқа да қарым қатынастар арқылы байланысу жүйесі ретінде түсіну бірталай ойшылдардың, солардың ішінде Маркс пен Энгельстің еңбектерінде жарық көрді. Олардың шығармаларында меншік түрлерінің өзгеруі мен еңбектің бөлінуіне негізделген мемлекет пен қоғамның ара қатынасының динамикасы көрсетілген.
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздері
Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Бұл процесс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Осы жоғарыда айтылып кеткен ойшыл-ғалымдардың азаматтық қоғам туралы ой-пікірлері сан-алуан болғандығын ашып көрсетіп шығу, көптеген мүмкіндіктерге әкеліп соқтырады.
Біз өткен ғасырдағы ірі ғылымдардың пікірін келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процессінің алдына қойған талабы болғандығын ашып көрсету. Сол себепті Кант, Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті.
Азаматтық қоғамның құрылымы қоғамдағы өзінің табиғи мүдде — мақсаттарына сәйкес ұрушы, реттеп, басқарушы — адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздерін айкындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Себебі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін ең алдымен жоғарғы деңгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанды болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің азаматтары өздерін құқықтық саналы мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруы керек, тек сонда ғана алдымызға қойған мақсатқа жетуге болады.
Азаматтық қоғамды құрайтын институттардың құқықтық негіздерін зерттеу үшін, ең алдымен сол қоғамды құрайтын тұлға мен азаматтың орнын белгілеп алған жөн. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сипаттайтын өзіндік құқықтары — қауіпсіздік, еркін өмір сүру, бәсекелестікпен азаматтық қызмет етуге, отбасы құпиясын сақтауға, ар-намысы мен ар-ожданын қорғауға, жеке меншікке қол сұғылмауын талап етуге, сейлесу тілін таңдап, оны қолдануға, еңбек ету бостандығына, тұрғын үйге қол сұқпауға, мұрагерлікке, кәсіпкерлік қызмет бостандығы мен тағы басқа мемлекетте қажет болып танылатын және бржытпай орындалып жүрген заңдық күші бар нормативтік-құқықтық кұжаттарда белгіленген құқықтарға ие болады және бұлар заңда көрсетілген міндеттерге де ие болады.
Азаматтық қоғамның бір атрибутының бірі -дамыған қоғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін құрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады.
Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған «Қоғамдык бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазакстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы және т.б.
Қазіргі кезеңде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі өте қиын. Мысалы: Үкіметтік емес ұйымдардың көш басшыларының арасында сұрау салу барысында олардың 24 пайызы грант берушілерсіз ұйымдардың өмір сүре алмайтындығын айткан болса, ал 40 пайызы грантсыз өмір сүру олардың ұйымдары үшін қиынға соғатындығын мойындаған болатын.
Қазіргі кезенде елімізде азаматтық коғамды жетілдіру ісі дамыған елдердің бұл саладагы оң тәжірибесіне арқа сүйей отыра, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзіндік бағытын айқындауы қажет.