Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты мәселелерді жаппай талқылай бастауға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі  ұлттық комиссия Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты мәселелерді жаппай талқылай бастауға шақырады

Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты мәселелерді жаппай талқылай бастауға шақырады

Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен республика азаматтарын Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты мәселелерді халық болып жаппай жұмыла талқылауға шақырады. Бұл туралы бүгін, 29-наурызда комиссияның кезекті отырысында қабылданған мәлімдемеде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 29 Наурыз 2005
  • 663
Фото - Caravan.kz

«Саяси жүйені реформалау жолдары төңірегінде елімізде өрбіген бір-біріне мүлдем кереғар пікірталастар Қазақстанда шын мәнінде саяси пікір алуандығы орныққанына дәлел бола алады»,- делінген мәлімдемеде.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, елімізде бүгінде парламенттің бақылау функцияларын күшейтуге, сот-құқықтық жүйені жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін қолданысқа енгізуде үкіметке жүктелетін жауапкершілік пен құқыққа қатысты ұсыныстар жобасы жасалды. «Бұл өзгерістерді жүзеге асыруға тиімді президенттік билік институты кепілдік береді»,- дейді Ұлттық комиссия мүшелері.
«Нығая түскен мемлекеттілігіміз, халықтың әл-ауқатының барған сайын арта түсуі мен тұрақтылық Қазақстан халқын одан бетер бекем біріктіріп, ұлтаралық келісімді нығайтуға түрткі болуы тиіс»,- делінген мәлімдемеде.

Перейти к новостям спорта