Комиссия құрамына ЮНЕСКО-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сергей Терещенко, мәжіліс депутаты Тоқтар Әубәкіров пен Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев енді.
Комиссияның жаңа мүшелерін таныстырған ұлттық комиссияның төрағасы Болат Өтемұратов оларды «еліміздегі беделді тұлғалар» деп атады. Осы орайда ол комиссияның «жаңаша жұмыс деңгейіне көтерілгенін» және «әлеуетті толық пайдалануды талап ететінін» атап өтті.