Азат Перуашев ең ірі партияға бәсекелес болатын саяси құрылымды басқармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азат Перуашев ең ірі партияға бәсекелес болатын саяси құрылымды басқармақ

Азат Перуашев ең ірі партияға бәсекелес болатын саяси құрылымды басқармақ

«Нұр Отанды» «Ақ жолға» айырбастады! Ұлттық экономикалық палатаның жетекшісі Азат Перуашев бүгіннен бастап ең ірі партияға бәсекелес болмақ саяси құрылымды басқаратын болды.

  • 5 Шiлде 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz


Партиялық қызмет ол үшін таныс. 90-жылдардың соңында саясат ғылымдарының докторы Перуашев Азаматтық партияға жетекшілік етті. Кейіннен бұл құрылым «Нұр отан» құрамына енген. Енді Азат Перуашев елдегі жетекші партиядан да шығып, билетімен қоштасып үлгерді. Сол мезетте саясаткер мұндай шешімді қабылдау себебін түсіндірген жоқ. Енді бәрі анық болғандай. «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері жаңа төраға үшін бірауыздан дауыс берді. Алдағы уақытта саяси күш тарапынан Парламент сайлауына баса назар аударылмақ. Додаға орай жұмысты күшейтіп, партия құрамын кеңейту көзделген. Бұл туралы демократиялық партияның бұрынғы көшбасшысы Әлихан Бәйменов мәлімдеген. Ол саяси партиядағы жетекшілік қызметін мемлекеттік қызметке ауыстырды;  өткен жұма күні Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке басшы болып тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар